Kaspi Жұма тағы да рекорд жаңартты
Қазақстанда бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі өтті. Сегізінші Kaspi Жұма тағы да рекорд жаңартты.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
20.07.2023
Kaspi Жұмада 1 миллионнан астам қазақстандық 2 миллионға жуық түрлі тауар сатып алды. Қазақстандық компаниялардың сатылым көлемі - рекордтық 302 миллиард теңге болды.
Бауыржан Әбдіқадыров, «Технодом» дүкенінен сатып алушы:
- Kaspi Жұма арқылы алған өте ыңғайлы. 24 айға бөліп төлеу көптен күтіп жүрген мүмкіндігім. Өзіме ұнаған телефонды, ыңғайлы бағада 24 айға бөліп төлеуге Kaspi Жұма өте ыңғайлы.
Қайрат Кауленов, Tender first онлайн-курсын сатып алушы:
- Бір жақсы курс тендер туралы алайын дегенмін. Kaspi Жұма маған көмектесті. Kaspi Жұмада көріп, өзіме жақсы курсты алдым. Өте бағасы үлкен. Рахмет, Kaspi Жұмаға.
Сатып алушылар тиімді зат салып алғанына, сатушылар – сауда көлемінің өскеніне қуануда.
Әлия Әлғожаева, Sulpak дүкенінің қызметкері:
- Kaspi Жұма кезінде клиенттер саны 67 есе өседі. Биыл да келушілер өте көп. Дүкенге келіп те тапсырыс беріп жатыр. Біз бұған алдынала дайындалдық. Қызметкерлер санын ұлғайттық. Кез-келген көлемдегі сұранысқа дайынбыз.
Курьерлік компаниялардың да жұмысы көбейді.
Қайрат Мұқан, «Zammler» компаниясының бөлім басшысы:
- Kaspi Жұма басталғалы заказдар саны 34 есеге көбейді. Kaspi Жұмаға дейін 4 мың – 5 мың заказ қабылдап жүрсек, Kaspi Жұмада 10 – 12 мың заказ қабылдап жатырмыз.
Сатып алушының тілегі бойынша тауарды үйге немесе жақын маңдағы Kaspi Postomat-қа тегін жеткізеді.
Майсара Шормакова, «Евромебель» дүкенінен сатып алушы:
- Бүгін 3 есікті шкаф сатып алдым. Белгіленген уақыттан бір күн бұрын келді. Көңілімнен өте шықты. Ыңғайлы кезде, жұмыстан келіп үйге келген кезімде әкеп берді. Маған жеке өзіме уақытым үнемделеді. Онан кейін тапсырыс берген өте жеңіл.
Айдана Шабанова, сатып алушы:
- Кеше Kaspi Жұма арқылы құрылыс материалдарын алдық. Бүгін тағы Kaspi Postomat арқылы парфюм заттарын, жеке заттарымды алып отырмын. Өте ыңғайлы.
Бүкілхалықтық тиімді сатып алу мерекесі жазғы ыстыққа қарамастан тағы да рекорд жасады. Бұрын бұл уақытта сауда тоқтап тұратын болса, қазір барлығын тегін жеткізу қызметімен бірге онлайн сатып алуға болады. Kaspi жаңа цифрлы сервистерінің көмегімен сатып алушыларды тағы да қуантты, ал бизнеске дамуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектесуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!