{metadescription}
Шымкентте қойма отқа оранды
Шымкентте қойма отқа оранды

Шымкентте қойма отқа оранды

Шымкентте құрылыс заттарын сататын қойма өртке оранды. Жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл жерде негізінен еден жабындылары сақталған екен. Сондықтан от тиген ламинат лезде лаулап, дес бермеген.

Отқа оранған қойма шаһардағы үлкен базарлардың бірінде орналасқан. Сондықтан тілсіз жау айналасындағы өзге сауда орындарына да қауіп төндірген. Алайда, жалынды сөндіруге 60-қа жуық адам мен 14 техника жұмылдырылып, өрт тез ауыздықталды. Дегенмен бір жүк тиегіш техника жанып кеткен. Қазір қойма қожайыны қанша шығынға батқаны есептеліп жатыр. Сондай-ақ өртке қарсы мамандар тілсіз жаудың неден тұтанғанын анықтауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде