Зейнеткерлер: «Alma Swiss компаниясы бізді алдады»
Қарағанды мен алматылық зейнеткерлер Alma Swiss серіктестігінен ақшалыран қайтара алмай жүр. Көз тексертуге барып, миллиондаған теңгенің тауарын қалай алғанымызды байқамай қалдық дейді олар. Тіпті көбіне сол жерде несие рәсімдеп те берген. Кейін білсе, алған массаж креслосының құны нарықта бірнеше есе төмен екен. Сондықтан зейнеткерлер бізді алдап-арбап тауарларын өткізді деген сенімде. Бірақ қолдарында келісім-шарт болған соң оларды алаяқтық бабы бойынша жауапқа полциейлер де тарта алмай отыр. Алдандық дегендер енді аталған компанияның жабық есігін күзетіп жүр. Біздің тілшілер де елді аралап зейнеткерлерді қарық қылып жүрген компания есігін қағып келді.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
21.07.2023
Қарағандылық екі зейнеткер көздің коррекциясынан тегін өтуге шақырту алған. Қала мейрамханаларының бірінде ұйымдастырлыған іс шараға алып ұшып жетіпті. Көз үшін келгендер денсаулық пен жастықты қайтаруға бағытталған жиналысқа да қатысады. Жиында аяқ асты байқау өтіп, дәл осы екі зейнеткер жеңімпаз атанған. Сондықтан оларға жеңілдік жасалып, бағасы бірнеше есе төмендетілген құрылғыларды сатып алу бақыты бұйырыпты. Жолы болып, есеңгіреген зенеткерлерді қаумалаған компания өкілдері несие рәсімдеуге көмектескен болып, ұялы телефондарын да шұқылаған. Бірақ бәрі бітіп үйлеріне келгенде, алданғандарын кеш түсініпті.
Лариса Романко Қарағанды қаласының тұрғыны:
- Жиын өте керемет өті әрине. Жеңімпаз атанып силықтарға ие болдық. Екеуімізді де қолтықтап ала жөнелді. Екі есе арзанға алып тұрсыздар, айырмасын компания төлейді деген. Басымыз айналып қалды шыны керек. Құрбыма 1 миллион 30 мың теңге, маған 1 миллион 700 мың теңге несие рәсімдеп қойыпты.
Ал сыйлыққа алған көзілдіріктері мүлде жарамсыз дүние екен. Құны миллион теңгеден асатын массаж креслосы тіпті тар болып шықты. Осыдан кейін төлеген ақшаларының шот түбіртектерін жинап, компнияға хабарласқан. Бірақ олар тауар қайтарылмайтынын айтыпты.
Дәл осының кебін Алматылық зейнткерлер де киіп отыр. Бұлар да тура осындай массажға арналған жабдықты несиеге емес, 990 мың теңге қолма қол ақшаға сатып алыпты. Кейін білсе мұның құны 400 мыңға да жетпейді екен. Тауарды қайтаруға мекен жайларына келген. Бірақ есіктері тарс жабық тұр. Айтуларынша бұлардың құрығына түскендер өте көп.
Алина Петрова Алматы қаласының тұрғыны:
- Жиынға тек зейнеткерлер шақырылған. Адам көп болды. Мен анаммен еріп бардым. Ақшасы болмаса өздері несиге рәсімдеуге атсалысады. Жастары 70 тен асқандарға қалай несие рәсемдеуге болады? Қысқасы сөзге айналдырып, ақыры дегендерін істейді. Үйде тауардың түкке тұрғысыз екенін көріп әкеліп тұрмыз. Бірақ мұнда ешкім жоқ.
Қарағандылық зейнеткерлер полцияға шағымданған. Бірақ олар аталған жағдай қылмыстық іс шеңберіне кірмейтінін айтады.
Олжас Жакулин, Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөлімі бастығының орынбасары:
- Бұл жағдайда азаматтық құқықтық бағытта жұмыс істеу қажет. Өйткені бұлардың араларында келісім шарт бар. Ал егер компания таурады белгіленген мерзім ішінде қайтып алмай жатса, сотқа арыздану қажет.
Заңгерлер мұндайлардың қармағына көбіне зейнеткерлер түседі деп отыр. Тілі мен жағына сүйеніп, сенімге кіреді, ең бастысы келісім шартқа отырғызады. Құжат жүрген жерде аляқтық жоқ. Бірақ бүге шүгесіне дейін қараса біржақты болатын полиция іске бас қатырмауға тырысады дейді. Сондықтан заңгерлер зейнеткерлерді сақ болуға шақырудан басқа амалдары аз. Тауарды беріп, қаражаттарын қайтару үшін қариялар енді сот сергелдеңіне түскелі тұр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!