{metadescription}
Мәжілістің жаңа сессиясында су, бюджет, салық және қала құрылысына қатысты мәселелер көтеріледі
Мәжілістің жаңа сессиясында су, бюджет, салық және қала құрылысына қатысты мәселелер көтеріледі

Мәжілістің жаңа сессиясында су, бюджет, салық және қала құрылысына қатысты мәселелер көтеріледі

Мәжілістің күзде басталатын жаңа сессиясында су, бюджет, салық және қала құрылысына қатысты мәселелер көтеріледі. Қазір өңірлерде сапарлап жүрген депутаттар осы сұрақтар бойынша халықтан ұсыныстар жинақтауда. Бұл туралы бүгін төменгі палатаның спикері Ерлан Қошанов президентке баяндады.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- «Сессия басталғаннан бері мәжілісмендердің қарауында болған 82 заң жобасының 20-на депутаттар бастамашылық жасады. Олардың ішінде Заңсыз иемденілген активтерді қайтару, Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама, Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, сұйытылған газ айналымы, электрлі самокаттардың қозғалысын реттеу туралы және басқа да заңдар бар».

«8-ші шақырылымның 6 партиялық фракциямен қоса, бір мандатты депутаттардан жасақталуы төменгі палатаның жұмысына серпін алып келді» дейді Қошанов. Заң шығару жұмысының ашықтығы артып, сайлаушылармен кері байланыс күшейген. Өткен сессия барысында жылумен қамтамасыз ету саласындағы басқаруға қатысты Жоғары аудиторлық палатаның есебі алғаш рет тыңдалғанын атап өту керек. Қазір парламент депутаттары 45 күндік демалысқа шықты. Өңірлердегі сайлаушылармен кездесіп, артынша күзге дейін еңбек демалыстарын жалғастырады олар. Ал өткен сессияда Үкіметке жолданған депутаттық сауалдар саны бойынша Гүлдара Нұрымова алда екен. Ол 3 айда 25 мәселе көтерген. Одан кейінгі орында Ерлан Сайыров 20, ал Еділ Жаңбыршин министрлер кабинетіне 19 депутаттық сауал жолдапты. Сонымен қатар, 98 депутаттың 14-і Мәжіліс отырыстарына келіп-кеткені болмаса, бір де бір депутаттық сауал жолдамаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде