{metadescription}
Үлкен Алматы айналма жолы бүгіннен бастап ақылы болады
Үлкен Алматы айналма жолы бүгіннен бастап ақылы болады

Үлкен Алматы айналма жолы бүгіннен бастап ақылы болады

Енді тегін емес! Үлкен Алматы айналма жолы арқылы жүргізушілер 1 ай бойы ақысыз жүрген еді. Бүгіннен бастап 241 теңге төлеуі тиіс.

Яғни, алынатын ақы жүрген қашықтығыңа байланысты емес. Айналма жолға түскен әр жеңіл көлікке 241 теңге. Ал, жолаушылар автобусы мен жүк көліктеріне жол ақысы қымбатырақ. Десе де, айналма жолға жиі түсетіндер үшін бір айға және бір жылға абонемент қарасытырылыпты. Тек, жарияланған бұл баға тұрақты емес екен. Халықтың айлық мөлшері өскен сайын құны да артып отырмақ. Жалпы айналма жол Қаскелең қаласының маңындағы Қырғауылды ауылынынан басталып, Талғар маңындағы Қызылқайрат елді мекенінде аяқталады. Оңтүстік астананың солтүстік аумағын түгел айналып, Алматы облысының Қарасай, Іле және Талғар аудандарын басып өтеді. Арадағы 66 шақырымды небәрі жарты сағатта емін-еркін еңсеруге болады. Өйткені, 6 жолақты жолда жүру жылдамдығы сағатына 120 шақырым. Қазақстандағы ең қымбат жолдың құрылысын түрік-корей концорциуымы осыдан 3 жыл бұрын бастап, 1 ай бұрын аяқтаған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде