{metadescription}
Талдықорғандықтар: «Тот басқан темір-терсек баланың басына құлап кетуі мүмкін»
Талдықорғандықтар: «Тот басқан темір-терсек баланың басына құлап кетуі мүмкін»

Талдықорғандықтар: «Тот басқан темір-терсек баланың басына құлап кетуі мүмкін»

Дені дұрыс ауланы армандайды. Талдықорғанда бүтін бір ықшамауданның тұрғындары абаттандыру жұмыстарын жүргізуді бірнеше жылдан бері талап етіп жүр. Алайда құлақ түріп, іске кірісетін шенділер жоқ. Салдарынан, ауладағы әткеншектер мен белтемірлер тот басып біткен. Жұрт саудасы біткен темір-терсек ойнап жүрген баланың басына құлап кете деп қорқады.

- Біздің балалар ойнайтын жер міне. Қараңыз, бүйтсең қоғалып тұр. Балалр шығады да тербеледі. Тайып құласа бітті ғой бастарын жарады.

Ұлан ықшамауданындағы ауланың келбеті осы. Сыртынан қарасаң, жылдар бойы қараусыз қалған айдаладағы алаңқай сияқты. Мұндағы тұрғындар қауіпсіздік деген ұғымды баяғыда ұмытқан. Ойын баласы не білсін? Асыр салған кезде сырғанақтар құдды бір қазір морт етіп бөлінуге дайын тұр.

Сәуле Төлегенова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Осы үйде тұрғаныма мысалы 35 жыл болды. Бір рет ремонт болған жоқ. Ештеке көрмейміз. Далада тұрғандай тұрамыз. Балалар ойнайтын жер жоқ.

Балаларының өміріне алаңдаған ата-аналардың жанайқайына құлақ түретін атқамінерлер де жоқ деп отыр. Әкімдіктің талай табалдырығын тоздырғанымен әлі күнге дейін еш нәтиже шықпағанына қараша наразы.

Мөлдір Күдербаева, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- 4 балам бар. Жанжаққа ойнатуға жағдай жоқ бізде. Баланы шығарып, бірге жүресің осылай. Апарсақ басқа домның есік алдына апармыз қайыршылар құсап. Әкім өзі кеп көрсінші. Балалрын ойнатып көрсін осы жерде.

Ал әкімдіктегілердің айтатыны бір. Бірақ, сөзінің іске асатыны екіталай. Бұл жолы да шенділер абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз деп сендірумен ғана болды.

Рамиль Рахымбаев, Талдықорған қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы:

- Жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Қазіргі уақытта жоба сараптамадан өту үшін қажетті құжаттар дайындалып жатыр. Сараптамадан өткеннен кейін қаражатқа байланысты құрылысмонтаж жұмыстары басталады.

Ал, бұл жұмыстардың биыл біте қоймайтыны белгілі. Өздерінің жоспары бойынша, абаттандыруды келесі жылы жүргіземіз деп отыр. Енді балалары үшін әбден сары уайымға салынға ата-атаналардың күтуден басқа шарасы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.