{metadescription}
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек
Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек

Қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту керек

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы мемлекеттік тілге қатысты заң жобасын дайындауға әрі ұсыныстар беруге дайын отыр. Бұл туралы Астанада өткен кезектен тыс құрылтайда жан-жақты айтылды. Жиынға қоғамдық бірлестіктің төралқа және орталық кеңес мүшелері, әр өңірден делегаттар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты. Белгілі тіл жанашырлары қазақ тілінің аса бейнелі, әсерлі сипатын жоғалтып алмай, оның қолданыс аясын кеңейтуді мақсат қылды.

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы 34 жыл бұрын құрылған. Тіл тағдырына енжар қарамаған мүдделі азаматтардың басын біріктірген бірлестіктің бүгінде 135 филиалы бар. Қоғамның бас кеңсесі бас қалаға көшірілді. Соңғы бір жарым жыл ішінде ұйымға қоғам қайраткері, Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы жетекшілік еткен. Аз уақыттың ішінде оның басшылығымен бірқатар ілкімді істер атқарылып келді. Бүгін ол өз орнына Рауан Кенжеханұлын ұсынды. Құрылтайға онлайн және офлайн формат қатысқан ұйым мүшелері 44 жастағы іскер азаматтың кандидатурасын бірауыздан қолдады. Айта кетейік, оның бастамасымен ғаламторда қазақ тілінде бірсыпыра жоба жүзеге асқан. Олардың қатарында "Қазақша Wikipedia"мен Google Translate жүйесі бар. Жаңа президент тіл тынысы мен өрісін кеңейту ісіне заманауи үлгі мен жаңаша леп әкелетініне сенімді. Тіл - балабақшадан бастау алады деді ол.

Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ президенті:

- Қазір негізгі бағыт ретінде қолға алатынымыз мына ғылымиәдістемелелік жұмыс деп отырмыз. Соның ішінде балабақшада тәрбиеленіп жатқан балаларға, мектептегі балаларға жалпы білім беру жүйесіндегі жастарға әдістемелік оқу құралдары, тілді үйренемін, меңгеремін деген азаматтарға жалпы көпшілікке қажетті материалдарды сапалы түрде шығарып және олардың кең қолжетімді болуын қамтамасыз ету.

Статистикаға сүйенсек, қазақ бөлімдерінде оқитын жастарды мемлекеттік тілдегі оқулықтармен қамту деңгейі 10 пайыздан сәл-ақ асып отыр. Құрылтай делегаттарының ұсынысы бойынша Халықаралық "Қазақ тілі қоғамының" орталық кеңесі құрамына өткен Дихан Қамзабекұлы қазақ тілін оқыту сапасы мен оқу сауаттылығын көтеру бойынша кешенді жобалар қажет екенін жеткізді.

Дихан Қамзабекұлы, "Егемен Қазақстан" газетінің бас редакторы:

- Қазақ тіліндегі оқу құралдары әсіресе ЖОО оқу құралдарының пайызы өте аз. Бірақ оның тетігі қалай? Соған біз ойлануымыз керек. Барлық нәрсенің тетігін табуға мүмкіндіктер бар. Әсіресе қазіргі ғылыми дәреже беретін доценттік дейміз. Профессор атақтарын беретін кезде соған тіркелсе осы талап онда қаншама кітап аударылып, қаншама дүние жасалынар еді. Барлық нәрсені де мемлекет пен қоғамдық ұйымдар бірлесіп, ортақ бір жұмыстар тапса, оның бәрі атқарылады деп есептеймін.

Құрылтайға онлайн және офлайн форматта қатысқан 70-шақты азамат мемлекеттік тілдің көсеген қайтсек көгертеміз деп ұсыныс, пікірлерін ортаға салды. Енді соның бәрін іске асыруға қажетті ғылыми-әдістемелік, ақпараттық шаралар мен жобалар кешені дайындалмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.