{metadescription}
Павлодар қала күнін отшашусыз атап өтетін болды
Павлодар қала күнін отшашусыз атап өтетін болды

Павлодар қала күнін отшашусыз атап өтетін болды

Павлодарда қала күнін үйреншікті отшашу мен әуе шарларынсыз атап өтетін болды. Биліктегілер бұл қымбатқа түсетінін айтқан. Ал ең бастысы отшашумен ауаға көптеген зиянды заттар тарайды деп отыр. Бұл жаңалық қала тұрғындарының пікірталасын туғызды. Бірі мұны қолдаса, екіншілері қарсы. Себебі қала билігі табиғатқа жаны ашыса, экологияға зияны көп зауыттармен айналыссын дейді тұрғындар.

- Күнде емес, арасында бір отшашу жасағанның несі зиян? Күнделікті зауыттардан шығып жатқан зиянды қалдықтар ше? Жылына бір тұрғындарға мереке ұйымдастырғанда экология бұзылып кетпейтін шығар? Сондықтан отшашу күтеміз.

Павлодарда қала күні 22 шілде күні аталып өтіледі. Биыл қаланың құрылғанына 303 жыл толады. Шаһар тұрғындары мен қонақтарына концерттік бағдарлама дайындап, эстарда жұлдыздары әннен шашу шашады деп күтілуде. Бірақ бұл жолы үйреншікті отшашу болмайды. Шенеуніктердің айтуынша, әуе шарлары жерді, ал отшашу атмосфераны ластайды екен. Оның түтінінде калий хлориді, селитра, күкірт пен металлдар бар. Сондықтан отшашусыз-ақ қала күнін дүркіретіп атап өтеміз дейді атқамінерлер.

Светлана Гладышева, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары:

- Біз экология бойныша халықаралық концепцияны қолдаймыз. Өз тарапымыздан қоршаған ортаны ластамауға тырысамыз. Сондықтан биыл тарсылгүрсіл, қызылды-жасылды отшаушлардан бас тартамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде