Үндістан лай көшкінінен қаза тапқандардың саны артты
Үндістан лай көшкінінен қаза тапқандардың саны 16 адамға жетті. Апат болған аймақта қазір құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Себебі, жүздеген адам үйіндінің астында қалған.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
21.07.2023
Бірақ қалың тұман мен нөсер жауын құтқарушылардың жұмысына кедергі келтіруде. Үндістанда өткен аптадан бері жаңбыр тоқтаусыз жауып тұр. Соның салдарынан Махараштра штатындағы таулы аймақта ылғалды топырақ төмен қарай сырғып, ондаған үйді басып қалған. Жергілікті синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Сондықтан аталған аумақта тағы да көшкін жүруі мүмкін. Еске салсақ, бір апта бұрын Үндістанның солтүстігінде су тасқыны жүріп, жүзден астам адам көз жұмған. Табиғи апаттан жүздеген үй мен ғимараттар қирап, 24 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Тіпті, су әйгілі Тәж-Махал кесенесіне жетіп, тарихи ескерткіш бүлінген еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!