Израильде наразылық шарасы басылар емес
Израильде жыл басынан бері наразылық шарасы тоқтамай тұр. Сот реформасына қарсы шыққан халықтың қарасы көбейген соң жергілікті полиция су шашып, күшпен таратуға көшті.
Автор: Cымбат Ғалымбекұлы
21.07.2023
Шілде айында митингке шығатын халықтың саны тіптен көбейген. Ондаған қалада көшеге шыққан адамдар плакат ұстап, жолдарды жауып жатыр. Шерушілердің басты талабы парламенттің өкілеттігін күшейтіп, жоғары соттың құзыретін шектейтін заң жобасынан бас тарту. Халықтың пікірінше, осы заң қабылданса елде демократия шектеліп, диктатураға жол ашылады. Себебі, Израильде Жоғарғы сот конституциялық бақылау органының рөлін атқарды. Нақтырақ айтсақ, сот үкіметтің әрекетін бақылап, заң жобаларының қабылдануына тосқауыл қоя алады. Депутаттар даулы құжатты келесі апта талқылап, дауыс бермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!