{metadescription}
Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды
Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Боксшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Бейбіт Шүменовке мемлекетаралық іздеу жарияланды. Боксшының фотосы мен жеке дерегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында тұр. "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған полиция былғары қолғап шеберін екі күннен бері таба алмай жатыр.

Нұралы Тәңірбергенов, Астана қаласы ПД ресми өкілі:

- 18 маусымда "Mega Silkway" СОО-нда орын алған оқиға бойынша Астана қаласының ПД Бейбіт Шүменовке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізуде. Сонымен қатар, аталған азамат қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларына сәйкес мемлекетаралық іздестіруге ресми түрде жарияланды.

Еске сала кетейік, маусым айында боксшы Бейбіт Шүменов Астанадағы сауда ойын-сауық орталығында жанжал шығарып, қолында баласы бар ер адамды оңдырмай сабаған. Төбелеске балалардың ойын алаңында келіспей қалуы себеп болыпты. Қоғам арасында резонанс тудырған жағдайдан соң 39 жастағы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірген еді. Бейбіт мәселені бейбіт түрде шешуге барғанын айтып, қарсы тарап дөрекі жауап беріп әрі пышақ сілтеген соң ашуға бой алдырғанын жеткізген. Кейін мәселе шешілді деп те жазған. Ал кәсіби боксшының жұдырығына төтеп бере алмаған Қырғызстан азаматы керісінше, келісімге келмегенін айтып, Шүменовті жазаға тартуын талап етіп отыр. 2 күн бойы іздеуде жүрген боксшы енді 2 жылға сотталуы мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде