{metadescription}
Сотталушы: «Екінші автобустың жүргізушісі де жауапқа тартылсын»
Сотталушы: «Екінші автобустың жүргізушісі де жауапқа тартылсын»

Сотталушы: «Екінші автобустың жүргізушісі де жауапқа тартылсын»

Алматыда автобус апатына қатысты атышулы істің соңғы нүктесі қойылды. Бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, қайғылы оқиғаға кінәлі деп танылған 98-ші автобустың жүргізушісіне 2 жарым жыл жаза кесілді. Енді 5 жылға көлік тізгіндеу құқығы да жоқ. Айыпталушы тарап мұндай шешіммен келсіспеді. Сондықтан, апелляциялық шағым түсірмек. Айтуларынша, жол апатына себепкер екінші қоғамдық көліктің жүргізушісі де жауапқа тартылу керек. Ал ол істе куәгер ретінде жауап берген.

Қоғамда қызу талқыланған атышулы істің соңғы отырысында әдеттегідей журналистердің қарасы қалың. Сот залына айыпталушының туыстары да келді. Барлығы қобалжулы. Ал, осы істі төрт ай қарап, қос тарап пен куәгерлерді тыңдаған судья соңғы отырысты ұзаққа созбай, бірден үкімді оқыды.

Қайрат Иманқұлов, судья:

- Әбсадықов АбдулХади Жамаладинович ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған аталған бап бойынша 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзім көлік жүргізу құқығынан айырылсын. ҚК 46-бабының 5-бөлігіне сай жазасын қылмыстық атқару жүйесінің барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленсін.

Сондай-ақ, судья сотталушы мен «City Bus» тасымалдаушы компаниясынан жәбірленуші тарапқа материалдық және моральдық шығын ретінде 4 млн 323 мың теңге өтеуді міндеттеді. Тергеу мәліметінше, 98-ші автобустың жүргізушісі бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өтіп, өзге қоғамдық көлікті қаққан. «Жол ережесін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша кінәлі деп танылған Абдул-Хади Әбсадықовтың өзі кесілген үкіммен келіспейді.

Абдул-Хади Әбсадықов, сотталушы:

- Мен түсінер едім екі жақты кінәласа. Бұл жерде таза бұрмалаушылық болып тұр деп есептеймін. Мен қызылға өткен жоқпын. Ол анық. Интернетте де телевизорда да көрсетілген. Анық көрініп тұр.

Еске салсақ, былтыр қарашада қаланың қақ ортасында қос автобус соқтығысып, бір адам ажал құшқан болатын. Марқұм автобустар түйіскен сәтте салоннан сыртқа құлап, оны 201-ші қоғамдық көлік жаншып өткен. Бірақ бұл автобустың жүргізушісі істе тек куәгер ретінде жауап берді. Сотталған жүргізуші ме жақындарының келіспей отырғаны осы.

Гүлзира Полатбекова, сотталушының жұбайы:

- Автобус жолағымен жүрмеген көріп отырсыздар. Желтоқсаннан бері қарай ызғытып басып келе жатыр. Жылдамдығы 49 шақырым. Қиылысқа келгенде заң не дейді 40-тан асыруға болмайды дейді. Бұл келеді де автобустың бүйірінен соғады. Ары қарай тежегішті баспай адамды басып өлтіреді. Бұның несі әділеттілік сонда.

2 жарым жылға бас бостандығынан айырылған жүргізушінің жақындары апелляцияға жүгінеміз деп отыр. Сот барысында жол апатынан көз жұмған Мұхит Исахановтың туыстары «айыпталушы тарапқа ешқандай арыз-шағым жоқ» екенін айтқан болатын. Айта кетейік, қайғылы оқиға күні марқұм 98-ші қоғамдық көліктің бағытымен танысу мақсатында жүргізушінің жанында тұрған. Алайда тағылымдамадан өтіп жүрген атпалдай азамат сол күйі жұмысқа орналаса алмай кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде