{metadescription}
Алматы облысындағы бірнеше ауданда сел жүрген
Алматы облысындағы бірнеше ауданда сел жүрген

Алматы облысындағы бірнеше ауданда сел жүрген

Алматы облысындағы бірнеше ауданда селден кейін бүлінген нысандар қалпына келтіріліп жатыр. Жұма күнгі жауыннан кейін тек бір ғана Жамбыл ауданында 140 үй қызыл судың астында қалған. Тағы бір елді мекенде таудан домалап түскен тас газ құбырын қиратыпты. Талғар ауданында да сел жүріп, 150 адам мен лагерьдегі 250 бала эвакуацияланды.

- Көмек керек Қараарша ауылына! Тездетіңіздер, қайдасыздар?

Өткен жұма Жамбыл ауданындағы бірнеше ауыл халқына ауыр тиді. Нөсерлеп жауған жауын-шашыннан жолдарды су басып, үйлерге дейін кіріп кеткен. Мәселен, бір ғана Шиен ауылында 138 баспана қызыл судың құрсауында қалды. Мамандар 10 үйдегі суды сорғылардың көмегімен әзер шығарған. Сол күні Қараарша ауылы да қиындық көрді. Мұнда сел газ құбырының тас талқанын шығарып кеткен.

Ырысбике Сұртаева, Қараарша ауылының тұрғыны:

- Көктемде қар еріген кезде арна толып су ағып кететін. Ешқандай ешкімге зияны жоқ болатын. Ал, мынау кешегі келген әлепет табиғаттың алапаты үлкен зиян келтіріп кетті бізге.

Келтірген зардабы сол, Қараарша мен Бесмойнақ ауылында су уақытша тоқталыпты. Өткен сенбі мен жексенбіде тұрғындар тіршілік нәрін тек су тасушылардан алып амалдаған. Әкімдіктегілер қазір газ құбыры жөнделді, су мен жарықты да ретке келтірдік деп отыр.

Бақтияр Айталы, Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы:

- 21ші шілде күні Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Дегерес, Шиен ауылдық округтерінде қатты нөсердің салдарынан сел жүру оқиғасы орын алған болатын. Аталған оқиға орнына Жамбыл ауданың төтенше жағдай қызметкерлері, аудандық нөмір 4ші Ұзынағаш өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, жергілікті әкімдіктіңі қызметкерлері жалпы саны 40 тан астам адам барып дер кезінде көмек көрсетті. 4 техника жұмылдырылды.

Сел Талғар ауданында да жүрді. Жауын-шашыннан өзендегі судың деңгейі көтеріліп, бөгеттен жоғары орналасқан лагерьдегі 250 бала эвакуацияланған. Сондай-ақ, жеткіншектерден бөлек, өзеннің маңындағы үйлердің тұрғындары мен жұмысшылар, жалпы 150 адам да қауіпсіз жерге көшіріліпті.

Сол қызыл судың қатты ағысынан әрі көпір, әрі бөрене ұстағыш құрылғының мына бетін толықтай шайып кетіпті. Дегенмен, мамандар созбалаңға салынбай дереу ретке келтірген екен. Енді қазір арнайы техникалар жұмылдырылып, төбеден төменге қарай аққан ағаштарды тазалап жатыр.

Табиғаттың тосын мінезін Еңбекшіқазақ ауданына да көрсетті. Мұнда да сел жүріп, қызыл су тас жолды шайып кеткен.

Дәурен Азаматов, Алматы облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының бастығы:

- Еңбекшіқазақ ауданы бойынша «Иванов Лог» жерінде Есік өзені бассейні бойынша сел жүру қаупі орын алған. Қара жолдар шайылу орын алды. Бірақ, бірлескен төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен Қазселденқорғау ММ бірлесіп, топтар құрып, әр көпірлердің ауызында кезекшілік ұйымдастырып, сол жерде бақылау жүргізілді.

Төтеншеліктер қазір облыстың барлық өңірінде жағдай тұрақты деп отыр. Табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ. Осыған дейін Жамбыл ауданына қарасты Бесмойнақ ауылында 4 адам жоғалды делінген еді. Бірақ кейін өздері хабарға шығып, аман-есен табылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде