{metadescription}
Астанада қызылша дерті дендеді
Астанада қызылша дерті дендеді

Астанада қызылша дерті дендеді

Екпені елемеудің зардабы зор! Елордалық дәрігерлер соңғы жарты жылда қызылша дерті дендеп кетті деп алаңдап отыр.

Тек алты айдың ішінде 117 адамның ағзасынан жұқпалы вирустың белгілері анықталған. Оның 97-сі балалар. Санитар мамандар бірінші кезекте екпеден бас тартқандар инфекция жұқтыруға бейім деп отыр. Сондай-ақ, туыла сала шақалаққа салынатын туберкулез бен В вирустық гепатитіне қарсы екпелерді салдыртуды құп көрмейтіндер де көбейген. Вакцинациядан қашқандардың дені діни-наным сеніміне байланысты қарсы болатындар.

Сархат Бейсенова, Астана қаласының бас санитар дәрігері:

- 2 жыл бұрын Қазақстанда қызылша мүлдем тіркелмеп еді. Ал соңғы жарты жылдың көрсеткіш көңіл көншітпей отыр. Аурудың алғашқы белгілері, жөтел мен дененің қызуы, бөртпе пайда болған сәтте бірден дәрігерге қаралу қажет. Қазіргі таңда науқастардың 87 проценті қызылшаға қарсы екпе салдырмаған балалар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.