{metadescription}
Жыл басынан бері 700-ден астам адам жемқорлықпен ұсталған
Жыл басынан бері 700-ден астам адам жемқорлықпен ұсталған

Жыл басынан бері 700-ден астам адам жемқорлықпен ұсталған

Жыл басынан бері 700-ден астам адам жемқорлықпен ұсталған. Оның 98-і түрлі деңгейде басшылық қызметте отырған шенеуніктер. Антикор басшысы президентке 7 айда атқарылған жұмыстарды баяндап, соңғы уақытта әсіресе білім саласындағы былықтың жиілегенін жеткізді.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, Алматы қаласында құрылысты дамытуда түйткіл көп. Аталған сала бойынша жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол беріліп келген. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа соңғы уақытта белең алған білім саласындағы коррупция туралы баяндады. Бюджет қаржысының жымқырылуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, білім беру саласындағы бюджеттік өтінімдерді әзірлеу тетіктері жетілдірілмеген, қызметкерлерді бір орталықтан есепке алу деген атымен жоқ, сондай-ақ бухгалтерлік жүйелердің қазынашылықтағы деректер базасымен біріктірілуін есепшілер майшелпекке айналдырып алған. Президент осы ретте, саладағы сыбайластықтың алдын алу мақсатында процестерді цифрландыру қажеттігін айтып, арнайы тапсырма берді.

Асхат Жұмағали, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы:

- «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сырттан талдау жүргізу кезінде жерді бөлу және Алматының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлау барысында жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталды. Сонымен қатар, жалпы, 1 жарым жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 миллиард теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған. Ал, жыл басынан бері елімізде мыңға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 700ден астам адам әшкереленді, оның 98-і түрлі деңгейдегі басшылар. Сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 миллиард теңге өтелді».

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.