Ақтөбелік шаруалар:«Жеңілдетілен жанармайдың бағасы тым қымбат»
Ақтөбелік шаруалар жеңілдетілен жанармайдың бағасы тым қымбат деп наразылық білдірді. Биыл дизель отыны бірден 40 пайызға қымбаттап кетіпті. Сондықтан кәсіпкерлер тарифті реттеумен айналысатын Энергетика министрілігінен түсінік беруді талап етуде. Айтуларынша, мұндай баға өңірдегі шаруалардың тіршілігін тұралатып, тіпті құрдымға да жіберуі мүмкін.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
24.07.2023
Шаруа қожалығының басшысы Арыслан Сүгірбаев дизель отынын қасқалдақтың қанындай қоруға айналған. Айтуынша қазір бұл отын алтынмен пара пар. Өйткені қазір шабындық науқаны. Бір жарым гектар жерінде 6 трактары шөп шауып жүр. Бұларды жүргізу үшін күніне қыруар қаражат жұмсалады. Осылай жалғаса берсе мал шаруашылығы тұралайтын түрі бар.
Арыслан Сүгірбаев, шаруа қожалығының басшысы:
- Күніне ең кем дегенде 500 литр жанармай кетіріп тұрмыз. 500 литр қазіргі бағамен 130 мыңдай. Бұл әлі расходный материал дейді ғой запчастты санамаған кезде. Тек ГСМ ның өзі. Мынандай саясатпен біз алысқа бармаймыз. Енді жаңадан аяққа тұрдық деген кезде. Мұнымен экономикалық жағынан тиімсіз болып тұр ғой.
Бүгін шаруалар үкіметке үндеу жолдауға жиналды. Жеңілдетілген дизель отынының бағасы неге қымбаттап кеткенін түсіндіруді талап етеді. Айтуларынша былтыр литрі 154 теңге болған сұйық отынның құны биыл көктемде 207 ге жеткен. Ал, шабындық науқаны тақалған тұста тағы 20 пайызға көтеріліпті. Энергетика министрілігі мұндай есеп қисапты қалай жасаған дейді шаруалар.
Мұрат Сатмағанбетов шаруа қожалығының басшысы:
- Қасым Жомарт Кемелұлы айтқан жоқ па ауылшаруашылығын қолдаймыз, ауылшаруашылығына бүкіл күшті береміз деп. Енді ол кісінің айтқанына мына минэнергоның қарсы істеп отырған жұмысы ма? Ол кісі айтады, ал мыналар келеді да керісінше солярканы қамбаттатады.
Бұған дейін министрлік елдегі арзан отын шетел аспау үшін бағаны көтеруге мәжбүрміз деп ақталатын. Шаруалардың айтуынша қазір көршілес Ресейде дизель отыны анағұрлым арзан екен. Енді не сылтау айтатыны бәріне де қызық болып тұр.
Самат Қалдығұлов шаруа қожалығының басшысы:
- Екі күн бұрын Ресейде болып келдім. 206 теңгеге ғана шығады. Ол заправкіден жасағанымыз. Біздің күнбе күнгі қазіргі алып отырғанымыз кеше енді тендер ойнады. Үш қожалық біреуі 285, біреуі 266, біреуі 265 ке тоқтады. Бірақ ол шаруалар үшін өте ауыр баға.
Ауыл шаруашылығы басқармасы шауралардың басын ауыртқан мәселені біледі. Бірақ тарифке араласа алмаймыз дейді. Көмектесуге де тырысып жатыр екен. Бірақ одан қорытынды шығарына өздері де күмәнмен қарайды.
Батырбек Шәмілов Ақтөбе облыстық Ауыл шарушылығы басқармасының бөлім бастығы:
- Бұл бізге қымбат 10 процент. Алдында көктемде 207 теңге болды. Қазір шаруаларға беру 265 теңгеге шығып отыр. Баға жөнінде, қымбаттау жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаздық, Энергетика минситрлігіне жаздық. Көктемге қарағанда баға қымбаттау.
Шауаралар, үкімет мұңымызға құлақ асып, жеңілдетілген жанар-жағар майдың тарифі қайта қаралады деген үмітте. Оған дейін дизель отынын Ресейден әкелу үшін бос ыдыстарын сайлап, жолға дайындалып жатыр. Бұл қуаңшылық күйдіріп, шегіртке отап тастаған өнімнен аман қалғанын жинаудың соңғы амалы дейді жиналғандар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!