Түрмеде жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру бойынша деректер қоры құрылады
Түрмеде жазасын өтеп шыққан азаматтарды қайта әлеуметтендіру бойынша деректер қоры құрылады. Бұл Түркістан облысындағы сәби өліміне соқтырған қайғылы жағдайдан кейін қолға алынып отыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бала құқығы жөнінде кеңес өткізді.
Автор: Айжан Шамшидин
24.07.2023
Вице-премьер алдағы уақытта балаларға арналған барлық мемлекеттік мекемелерді тексерістен өткізбекші. Мұны орындау міндеті бірнеше министрлікке жүктеледі. Оңалту орталықтары мен интернаттардың, балалар лагерлерінің материалдық-техникалық базасының жай-күйі майшаммен қаралады. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильді топтар құрылатын болды. Сондай-ақ, жергілікті әкімдіктер облыс әкімдіктерімен бірлесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тұрғын үй мәселесін беруді қолға алуы қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!