Астанада жатақхана отқа оранды
Астанадағы жекеменшік жатақханалардың бірі өртенді. Екі кештің ортасында тұтанған жалын лезде күш алып, 30 адамды эвакуациялауға тура келген.
Автор: Айғаным Достанбай
24.07.2023
Роза, жатақхана коменданты:
- 30 адам болды. Біз бәрін де эвакуация істедік. Бәріне де уже орын бердік. Бәрі нормально все. Без всяких проишествии. Никакого ЧП не было.
Куәгерлердің сөзінше, өрт жатақханның екінші қабатындағы бөлмелердің бірінен шыққан. Нақтырақ айтсақ, су жылытатын қондырғы өртенген. Қызыл жалын аумағында қалып қойған екі адам өрт сөндірушілердің көмегімен аман-есен құтқарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Ал жатақхана әкімшілігі қандай да бір ақпарат беруден бас тартып отыр. Тұрғындарға алғашқы көмек көрсетіп, үй-жаймен қамтамасыз еттік деумен шектелді.
Саят Кажимов, Астана қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бастығы:
- Жатақхананың тұрғындары эвакуацияланды. Оларды орналастыру мәселесін жатақхана иесі шешеді. Өрт 22.28-де оқшауланып, 22.48-де сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 41 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!