{metadescription}
Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа тұншығып өлді
Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа тұншығып өлді

Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа тұншығып өлді

Шымкентте 10 жасар бала субұрқаққа тұншығып өлді. Қайғылы жағдай дәл қалалық әкімдік ғимаратының алдында болған.

Кешкі сағат жеті жарымда бірнеше бала әкімдік алдындағы субұрқаққа шомылыпты. Осы кезде төртінші сыныптың оқушысы батып кеткен. Оның су бетіне қалқып шыққан денесін жанындағы балалар көріп, шошып кеткен. Мәйітті полицейлер алып шыққан. Қазір қайғылы жағдай болған субұрқақ құрғатылды. Айта кетейік, қалада субұрқақтарға шомылуға қатаң тыйым салынған. Бірақ дәл әкімдік алдында суға түскендерге ешкім ескерту жасамаған. Қазір, бала өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Керемет Ділманов, Қаратау аудандық ПБ тергеу бөлімінің бастығы:

- Орын алған оқиға Қаратау аудандық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергептексеру бірыңғай тізіміне мезгілсіз өлім дерегі бойынша тіркеуге алынып, бүгінгі таңда тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Жасөспірім мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.