Қызылша дертін сырттан жұқтырып келгендер көп
Дертті сырттан жұқтырып келгендер көп! Елімізде жыл басынан бері екі мыңға жуық бала қызылша ауруын жұқтырған. Кеселдің кесіріне әсіресе Түркия мен Ресейге барып демалғандар ілігіп жатыр.
Автор: Айжан Шамшидин
25.07.2023
Балалардың ыстығы көтеріліп, терісі бөрітіп, тыныс жолы мен көзі қабынған соң ауруханаға жеткізілуде. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, дер кезінде көмек көрсетілмесе, қызылша мүгедектікке де апаруы мүмкін. Қазір індет ошағы болған қалаларда жұқпалы ауруға қарсы кешенді шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ науқастармен қарым қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынған. Аурудың әсіресе, балалар арасында көбірек таралуының тағы бір себебі - екпенің жоқтығы.
Ажар Ғиният ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Алғашқы жағдайлар шетелден жұқтырып келгендер арасында тіркелді. Балалар көрші елдерде демалып, сол жақтан бұл ауруды жұқтырып әкелді. Екпемен қорғалмаған балалардың ағзасы бұл жұқпалы вирусқа төтеп бере алмайды. Барлық вакцина алмаған балаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың екпе алуына жағдай жасалып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!