{metadescription}
Бағдат Мусин: «Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды»
Бағдат Мусин: «Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды»

Бағдат Мусин: «Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды»

Соңғы уақытта интернет сапасына қатысты айтылып жүрген сынға бүгін Цифрлық даму министрі жауап берді. Бағдат Мусин ғаламтордың жылдамдығы әлсіз деп санамайды екен. Кесірінше, Астана интернет жылдамдығы жағынан Токионы басып озды дейді министр. Сапаға көңілі толмайтын жұрт тарифтің де өскеніне наразы. Бірақ министрлік баға саясатына араласа алмаймыз дейді.

Бағдат Мусин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Жоқ, көтермеңдер, тарифтерді ұстайық десек, 10 жылдан кейін не істейміз біз? 10 жылдан кейін біздің инфрақұрылымымыз әлсіз болады, ештеңеге сай болмайды. Біз халықаралық деңгейлерді қарастырып, солармен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ал тарифтерді өсіру, өсірмеу ол операторлардың өзіне тиесілі сұрақ.

Мусин интернет сапасының төмендігін жүктеменің артуымен де байланыстырып отыр. Сол себепті интернетті үнемдеу керек дейді. Мәселен, әр қазақстандық шамамен айына 15 гигабайт жұмсайды екен. Ал шет елдерде бұл көрсеткіш 9 гигабайттан аспайды. Үнемдеу мәдениеті болмаса, интернет те су секілді таусылып қалуы бек мүмкін. Ал қосымша базалық станцияны орнату қомақты инвестицияны қажет етеді. Жалпы 2027 жылға дейін Астана толықтай ғаламторға кедергісіз қосылуы тиіс. Министр ендігіде мердігерлерге ірі ғимараттарда базалық станциялар орнатуды міндеттеу керектігін тілге тиек етті. Ірі мегаполистерде интернет сапасына жақсармауына радиофобия да кедергісін келтіріп жатыр деп санайды Мусин.

Бағдат Мусин, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:

- Астана мен Алматы қалаларының басты проблемалары ол радиофобия. Радиофобияны білесіздер 67 локация белгіленді. 15 локациясында бүгінгі таңда базалық станциялар орнатылды. Қалғандарында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ дегенмен 2025 локацияда халықпен келіссөз жүргізе алмаймыз. Өйткені халық біздің үйлерімізде ол базалық станцияны орнату қажет жоқ деп жатыр. Сондықтан біз әкімдікке жүгініп, біз жер телімдерін сұрап жатырмыз операторларға.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде