«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасын қаржыландыру көлемі ұлғайды
«Ауыл-ел бесігі» бағдарламасын қаржыландыру 6 жарым есеге ұлғайды. 2019 жылы жобаға 29 млрд теңге бөлінсе, биыл қазынадан 198 млрд теңге қарастырылған. Осылайша, елді-мекендерді дамытуға арналған жоба мемлекет үшін ең қымбатқа түскен бағдарламалардың біріне айналып шыға келді.
Автор: Айғаным Достанбай
25.07.2023
Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:
- «Ауыл ел бесігі» бағдарламасын іске асыру бұл ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасына әсер етуін бағалау мақсатында өңірлік стандарттар жүйесі арқылы қолдау жасалуда. Қазірдің өзінде бағдарламаның нәтижелерінен оң өзгерістер байқалады. Мәселен, 2022 жылғы өңірлік стандарттар жүйесі көрсеткіштеріне инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі жоғары ауылдар саны ұлғайып, 786 ауылдық елді мекенді құрағанын көрсептіп отыр. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 525 ауылдық елді мекенге артық.
«Дегенмен, осынша қыруар қаржыны дұрыс бағытта жұмсай алмай отырған өңірлер жеткілікті», деді Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында. Аймақтар жыл басынан бері бөлінген қаражаттың тек 28 пайызын ғана игерген. Бағдарламаны Павлодар, Ақтөбе, Қызылорда облыстары белсенді жүзеге асыруда. Ал Алматы мен Ұлытау керісінше, кенже қалып отыр. Қазіргі таңда «Ауыл ел бесігі» бойынша 158 жоба аяқталды. Олардың дені - Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі. Қуантыровтың баяндамасын тыңдаған премьер-министр Әлихан Смайылов әкімдіктер мен жауапты министрлерге бірқатар міндет жүктеді. «Өңір әкімдері ауылдарды дамыту үшін жеке инвестициялар тарту жұмысын ұмытпауы қажет» деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
- Өткен жылы Ұлытау облысының Атасу, Бидайық, Бостұмсық және Сарысу ауылдарында медицина мекемелерінің құрылысына қажетті қаражат толығымен бөлінген болатын. Алайда, құрылыс жұмыстары әлі күнге дейін аяқталмаған. Солтүстік Қазақстан облысының Мүсірепов атындағы ауданда ұзындығы 53,5 шақырым болатын жол құрылысы былтыр біту керек еді. Бірақ, жоспарланған көлемнен небәрі 26,5 шақырым жол пайдалануға берілген. Демек, жоспардың 50% әлі күнге орындалмай отыр. Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірдебір жоба іске асырылмайтын жағдайлар болмауы керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!