Елімізде 2 жарым мың сарбаз несилерін өтеуден уақытша босатылған
Елімізде 2 жарым мың сарбаз несилерін өтеуден уақытша босатылған. Сондай-ақ әскери борышын өтеп жатқан мың жарым жауынгерге жоғарғы оқу орындарында білім алуға мүмкіндік беріледі. Мұның барлығы жастарды әскерге ынталандыру үшін жасалып жатқан қадамдар. Бүгін президенттің қабылдауында болған Қорғаныс министрі бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды баяндады.
Автор: Айғаным Достанбай
25.07.2023
Әскерге барудан жалтарып жүргендердің саны елімізде 30 мыңнан асып жығылады. Оған бірден-бір себеп, әскери борышын өтеп жүрген бозбалалардың арасында өлім-жітімнің дендеуі. Руслан Жақсылықов мемлекет басшысына осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Министрдің сөзінше, жыл басынан бері мерзімді әскери қызметін өтеп, запасқа шығарылған 700-ге жуық сарбаз жүргізуші, механик, машинист, слесарь, аспаз және басқа да еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп шыққан. Сондай-ақ, мерзімді әскери қызметін өтегендерді жеңілдетілген квотамен қамту немесе жоғарғы оқу орындарына тегін гранттарға ұсыну сынды шаралар қолға алынған. Жақсылықовтың мәліметінше, алдағы уақытта әскерге шақырылатын және мерзімді қызметін өтеген азаматтар туралы мәліметтер сандық жүйеге біріктіріледі. Президент сөз соңында Жоғары білім және ғылым министрлігімен бірлескен жобаларды жалғастырып, заңдық тұрғыда бекітуге пәрмен берді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!