{metadescription}
Теңізде жоғалған қыздар табылды
Теңізде жоғалған қыздар табылды

Теңізде жоғалған қыздар табылды

Теңізде түнеген! Ақтауда үрмелі матрацпен ашық теңізге шығып, із-түссіз кеткен үш қыз жарты тәуліктен кейін табылды. Барлығы дін аман. Қазір оларға медицина мамандары көмек көрсетіп жатыр.

17-19 жастағы үш қыз кеше түсте жоғалған. Каспий жағалауында үрмелі матрацпен шомылып жүрген бойжеткендер толқынның бағытымен ашық теңізге ығып кетіпті. Содан кейін шұғыл түрде штаб құрылып, іздестіру жұмыстарына шекарашылар, полиция мен Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Тіпті, «Қазавиақұтқару» тікұшағы да көмекке келіпті. Бірақ құтқарушылар кешке дейін айналаны шарлап шыққанымен еш нәтиже болмаған. Тек таңғы алтылар шамасында "Қазтеңізкөлікфлоты" компаниясының «Сұңқар» экипажы теңіз жағалауынан 22 шақырым қашықтықта жүрген үшеуін тауып, Ақтау портына жеткізген.

Ратбек Демеуберген, Маңғыстау облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы:

- Қазіргі таңда департаменттің медицина құтқару орталығының психологтары бірлесіп жұмыс жасады. Қыздардың жағдайлары жақсы. Суға түсуге жабдықталмаған жерде түскен. 01.18 Осыған байланысты облыс қонақтары мен тұрғындарын су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға 112-ден келетін смс-ескертулерді назардан тыс қалдырмауға шақырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде