{metadescription}
Алматыда жас таланттар байқауы өтіп жатыр
Алматыда жас таланттар байқауы өтіп жатыр

Алматыда жас таланттар байқауы өтіп жатыр

Жас таланттар байқауы! Алматыда «Арманшыл» деп аталатын балалар кинофестивалі өтіп жатыр. Биылғы өнер додасына елімізден бөлек әлемнің түкпір-түкпірінен кішкентай режиссерлердің туындылары сынға түсуде. Байқауда көрсетілген 700-ден астам туындының арасынан қазылар алқасы тек отызын іріктеп алады. Сол таңдаулы отызына ғана үлкен экраннан көрсетуге мүмкіндік берілмек.

Ұлдана Бағдатқызы бала күнінен кино саласынан қызығады. Болашағын да тек режиссер мамандығымен байланыстырып отыр. Биылғы байқауға алғаш рет «Сағындым сені» атты  қысқаметражды фильмін ұсыныпты. Айтуынша, туындының сценарийі елімізге белгілі «Дос Мұқасан» тобының әнінің желісінен алынған.

Ұлдана Бағдатқызы:

- Осы жылы мен кино саласымен белсенді түрде айналыса бастадым. Өзімнің алғашқы «Сағындым сені» атты туындымды ұсынып отырмын. Ол өзімнің жеке өмірлік тәжірбиемнен және "Дос Мұқасан" тобының әні желісінен алынған. Бұл фильм бала күніңде әкесін жоғалытып алған кішкентай қыздың тағдыры туралы. Ол анасымен бірге түрлі өмірдегі қиындықтармен күресіп, ақыры өз бақытын табады.

«Арманшыл» деп аталатын балалар кинофестивалі биыл төртінші рет өткізіліп жатыр. Оған Қазақстаннан бөлек, шетелден үміткерлер қатысуда. Олар анимациялық, деректі, көркем, драмалық фильмдер, сондай-ақ, әңгімелер мен бағдарламаларын ұсынды. Байқауға биыл өзгерістер де енгізілген. Енді балалар тақырыбында фильм түсіретін 35 жастан асқан режиссерлер де бақ сынай алады.

Мария Абадиева, «Арманшыл» кинофестивалінің директоры:

- Бізде жыл сайын жаңа өзгерістер болып тұрады. Бұл жолы біз үлкендерге де арнап бөлек секция аштық. Онда тек балалар туралы фильм түсірген режиссерлер қатыса алады. Алайда оларды біздің кішкентай таланттар бағалайтын болады. Олар өздері жеңіпазды таңдап, баға береді. Ал балалардың кинотуындыларына үлкендер баға береді.

Фестиваль 30-шы шілдеге дейін жалғасады. Қазылар алқасы үздік деп таныған 34 қатысушыға түрлі сыйлықтар табысталмақ. Ал, олардың кинотуындылары бір апта бойы үлкен экранда көрсетіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде