{metadescription}
Екібастұзда газ құю бекеті өртеніп, бір адам ажал құшты
Екібастұзда газ құю бекеті өртеніп, бір адам ажал құшты

Екібастұзда газ құю бекеті өртеніп, бір адам ажал құшты

Екібастұзда газ құю бекеті отқа оранды. Өрт ошағынан 17 жастағы жігіт шыға алмай қалған. Марқұм станция басшысының баласы болуы мүмкін. Қазір оның жеке басы анықталып жатыр.

От түскі бірлер шамасында тұтанып, газ толтырылған төрт цистерна бірінен кейін бірі жаныпты. Қызыл жалын күшіне мініп, бекетте бірнеше мәрте жарылыс та болған. Жапсарлас орналасқан азық-түлік дүкені мен су мұнарасының шатыры, бас-аяғы 220 шаршы метр аумақ күлге айналды. Тілсіз жауды 31 адам мен 11 арнайы техника екі сағатта әрең сөндірген. Ал, жас жігіттің денесі цистернаның жанынан табылған. Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, бекетте 40 газ баллоны болған. Бірақ оның нақты қаншасының жарылғаны әзірге белгісіз. Қазір өрттің шығу себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.

Оразбек Уәлиханов, Павлодар облыстық ТЖД басқарма бастығы:

- Автогаз құю станциясының ашық жануы болды цистерналардың. Сағат 15.00-де өрт оқшауланды. 15.45-те өрт толығымен жойылды. Өрт сөндіру барысында бір адамның мәйіті табылды. Қазіргі таңда анықталуда кім екенін. Қазіргі таңда залал мен шығыны анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде