{metadescription}
Тұрғындар: «Алматы әуежайы базарға айналды»
Тұрғындар: «Алматы әуежайы базарға айналды»

Тұрғындар: «Алматы әуежайы базарға айналды»

Алматы әуежайы базарға айналды! Қала қонақтары мен тұрғындары әуежайдағы қызмет көрсету сапасына осылай жиі шағымданатын болған. Өйткені, ұшақтан түсе сала төлқұжат тексеруден бастап, жүк алатын орындарда үнемі ұзын сонар кезек. Қала берді сыртындағы көлік кептелісінен сағаттап тұруға мәжбүр. Әуежайға келген-кеткен адамның бәрі реніштерін әлеуметтік желілерде жарыса жазып жүр. Проблеманың барын стратегиялық нысанның басшылығы да мойындап отыр. Жаңа терминалдың құрылысы біткенде мәселе түгел шешіледі деп сендірді олар.

Бұл осыдан екі күн бұрын түсірілген видео. Әр елден оралған отандастарымыздың сағат 5-тер шамасында таңы осылай атыпты. Барлығы да төлқұжат бақылауындағы ұзын-сонар кезекте тұр. Соның арасында блогер Мақпал Иманова да бар. Айтуынша, аптап ыстықтағы бұл жағдай әсіресе құндақтағы сәбиі бар аналар мен қарт кісілерге және өзі секілді жүкті келіншектерге қатты қиындық туғызыпты.

Мақпал Иманова:

- Кезекте 1,52 сағаттай отырдық, енді кемдегенде 1 сағат отырдық. 1,5 сағаттан кейін адамдар уже мазасызданып, ыстықтап, біреулер құлайын деп су сұрап, кондиционер қосып беріңізші деп сондай жағдайда болған. Бірақ, персонал ешнәрсе істей алмады.Соңғы жылы, басшылық ауысқаннан кейін мен ойлаймын аэропорт вокзал сияқты болып кетті, өтеөте кір біріншіден, екіншіден осындай көп адам, үнемі келген кезде не парковкада орын болмайды, не аэропорттың ішінде орын болмайды.

Келіншек әуежайдағы олқылыққа қатысты шағымын әлеуметтік желісінде де бөліскен. Жалпы, жолаушылардың көбі әсіресе жүк алатын жерге көңілдері толмайды. Сондай-ақ, көлік тұрағындағы бітпейтін кептеліс те әбден мезі еткен.

- Аэропорт Алматы. Колапс. Жесть. Там он паркинг крытый. Нету ни на четерех этажах место нету. Просто тупо нигде встать.

Халықтың шағымынан әуежай басшылығы хабардар. Олар жаңадан салынып жатқан терминал құрылысы аяқталса, жағдай жақсарады деп отыр. Яғни қазіргідей арыз-шағым сап тыйылатынына сенімді. Соңғы уақытта жиілеп кеткен жайсыздықтарға жазғы демалыс уақытындағы туристер мен рейстердің көбеюі де себеп екен.

Алып Ертұңға Ерсой, Алматы халықаралық әуежайының президенті:

- Қала тұрғындары мен қонақтары айтқан төлқұжат бақылауындағы ұзынсонар кезекке біз жауап бермейміз. Әуежайдың ішінде орналасқанымен ол Шекара қызметінің құзырында. Бірақ олар да кезекті азайту үшін бар күштерін салып жатыр. Ал көлік тұрағындағы кептеліс пен жүк алатын жердегі жағдай келер жылдың тамыз айында шешілетін болады. Яғни жаңа терминал ашылады. Халықарлық рейспен ұшып келгендер үшін заттарын алатын зал іске қосылады. Ал қазіргі орындар ел ішкі рейтерге беріледі.

Ал әуежай алдындағы көліктерге қатысты кептеліс екі аптадан кейін реттеледі дейді басшылық. Яғни тұрақтың екінші қабаты да іске қосылмақ. Соңғы уақытта құрылыс жұмыстарына байланысты бірнеше орынды жабуға тура келіпті. Негізінен әуежай терминалы жылына 2 жарым миллионнан аса адамды өткізе алатын мүмкіндігі бар. Былтыр бұл көрсеткіш 7 миллионға жетсе, биыл 8 миллионнан астам адамды қабылдауды жоспарлап отыр екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде