{metadescription}
«Құранды өртеу мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіретін араңдатушылық»
«Құранды өртеу мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіретін араңдатушылық»

«Құранды өртеу мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіретін араңдатушылық»

Құранды өртеу мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіретін араңдатушылық. Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекетінде болған Құранды өртеу фактілеріне қатысты пікір білдірді. Президенттің пайымынша, жиілеп кеткен діни вандализм мен аталған елдер азаматтарының жауапсыз әрекеті мемлекеттер мен діндердің бейбіт қатар өмір сүруіне кері әсерін тигізеді.

Еуропа елдерінде құран өртеу деректері жиілеген. Осыған орай Біріккен ұлттар ұйымы қасиетті кітаптың өртенуін айыптайтын қаулы қабылдады. Құжатты 28 елдің өкілі қолдаған. Ал 12 мемлекет қарсылығын білдіріп, қалған жетеуі қалыс қалды. Соған қарамастан, 23-ші шілдеде Дания астанасы Копенгагенде Ирак елшілігі ғимаратының алдында Құран көшірмелерін өртеу акциясы өтті. Ұйымдастырушылар өздерінің бұл әрекетін Бағдадтағы Швеция елшілігіне жасалған шабуылға наразылық деп түсіндірген. Осы жағдайдан кейін Иранда да наразы халық Швеция елшісін елден шығаруды талап етіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде