{metadescription}
Әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелмекші
Әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелмекші

Әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелмекші

Елімізде әйелдерді жүктіліктің оныншы аптасында есепке қою міндеттелмекші. Денсаулық сақтау министрлігі бұл қадам бала денсаулығын ерте қадағалауға мүмкіндік береді деп отыр.

Себебі соңғы 10 жылда дамуында түрлі ауытқушылығы бар балалар дүниеге екі есе көп келген. Тағы бір жаңашылдық, алдағы уақытта «Баланың тууы» атты мобильдік қосымша іске қосылмақшы. Оған сәйкес әр ана тіркеуге тұрған 10-шы аптадан бастап, босанғанға дейін әр ай сайын өзінің жай-күйін жазып отырады. Осылайша қосымша арқылы учаскелік дәрігер есепте тұрған жүкті әйелдің жағдайын үнемі бақылауда ұстайды. Қажетті ем-домын жасайды дейді жауапты ведомство өкілдері.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде