{metadescription}
Астанада көпбалалы ана өмірімен қош айтыспақ болды
Астанада көпбалалы ана өмірімен қош айтыспақ болды

Астанада көпбалалы ана өмірімен қош айтыспақ болды

Көпір үстіндегі қарсылық! Астанада көпбалалы ана тапа тал түсте биіктен секіріп, өмірімен қош айтыспақ болды.

Әйелдің жаяу жүргіншілер көпіріне шығып алған сәті әлеуметтік желіде жарияланды. «Баламды босатпасаңдар, секіремін» деп қорқытқан ол ұлына кесілген үкімге разы емес. Жарты жыл бұрын сотты болған 18 жастағы тұңғышын судья 7 жылға бас бостандығынан айырыпты. Ал баласының кінәсіз екеніне сенімді ана онысын дәлелдейтін айғақтардың сотта қаралмағанына қапалы. Тығырықтан шығудың басқа жолын таппай, суицид жасауға бекінген әйелді тәртіп сақшылары райынан қайтарып, көпірден дін аман түсіріп алды.

Нұралы Тәңірбергенов, Астана қаласы ПД ресми өкілі:

- «Сауалнама барысында әйел осындай әрекетімен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен келіспейтінін көрсетпекші болған. Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде сот органы ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігі (тонау) және 192-бабының 3-бөлігі (қарақшылық) бойынша соттаған кәмелеттік жасқа толмағандардың бірі оның ұлы екені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.