Шымкентте мұғалімдер анықтамаға қол жеткізе алмай жүр
Шымкентте өздері оқыған университет мұрағатынан анықтама ала алмай жүрген мұғалімдер шу шығарды. Олар кезінде Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде оқыған. Бірақ бұл оқу ордасы кейін Силкуэй деген атпен қайта тіркеліп, лицензиясынан қағылыпты. Одан кейін Орда университеті деген атаумен қайта ашылып, мыңдаған студент педагог мамандығын алған. Енді мектептер мен бала-бақшаларда жұмыс істейтін сол азаматтар дипломдарының жарамды екенін дәлелдей алмай жүр. Университет мұрағатына келіп, оқығаны туралы анықтама сұраса мамандар әр қағазға 10 мен 20 мың теңге аралығында ауызбастырық сұрайды дейді. Ал, анықтаманы тездетіп өткізбесе жұмыстан қуылады.
Автор: Бек Әбиев
26.07.2023
Шымкенттегі бұл оқу ордасы кезінде Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті болып ашылып, сапасыз білімі үшін жабылған соң Силкуэй деген атпен бірнеше жыл істеді. Оның да рұқсат қағазы алынған соң Орда деген атпен қайта ашылыпты. Енді осы университетте педагог мамандығын алғандар оқығаны туралы анықтама ала алмай жүр. Себебі бір жапырақ қағазды беру үшін мұрағат қызметкерлері ақша сұрайды дейді жиналғандар.
Зәуре Бөкенова, мұғалім:
- Келсек мына қыз отыр екен, келіп біз өтініш жасап, осындай осындай жағдаймен келіп отырмыз, бізден талап етіп жатыр бересіздер ма деп сұрап едік, апай 10 нан 20 мың теңге берсеңіз қазір жазып беремін деді. Сосын мен түсіндіріп айттым, шыны керек каспиімде ақшам жоқ еді, арзымайтын ақшам бар еді қазір, егер де нөміріңді жазып алып кетейін сол жаққа барған соң саған аударайын деп өтініш дедім. Сөйтсем жоқ болмайды деді.
Ақмарал Құрманқожаева, мұғалім:
- Құжат алып үлгермесең мекеме айтып жатыр жұмыстан шығасыздар деп, осы күнге дейінгі алған жалақыларыңызды өкіметке қайтарасыздар деген үгіттеме жұмыстар жүріп жатыр да. Сондықтан конечно кісілер осы жұмыспен ақша тауып отыр ғой. Оқығаны рас, ақша төлегені рас, қолында дипломы бар екені рас.
Бір жапырақ анықтама үшін табанынан таусылағандардың әбден шыдамы шегіне жеткен. Сондықтан ашуға булыққандар айқайға басты.
- Сотқа беру керек сендерді. Міне шынымен адам еріккенен келіп отқан жоқ. Көрші менің машинамның ішінде шырылдаған 9 айлық баламен отыр. Бостан босқа. Қорықпайсыңдар ма Құдайдан! Сендерге тек ақша керек пе сонда?
Шулағаны сол еді айлап анықтама ала алмай жүрміз дегендердің құжаты бір сағатта дайын болды. Көмекші екеуміз ғана бәріне үлгермей жатырмыз деген қызметкерлер ақша сұрағандарын мойындаған жоқ.
Мунира Әбдиева, ОҚПУ, Silkway, Орда университеттерінің архивариусы:
- 10-15 күннің ішінде беріп жатқан едім, одан кейін қазіргі таңда өте көп келіп жатыр мекемеден. Прокуратура тексереді, білім басқармалары тексереді, мектеп тексеріп жатыр, жеке адамдар келіп жатыр ғой. Өзім мен уже үлгермей жатырмын. Бір көлемге барып жатыр шынын айтқанда. Липовый көп шығып жатыр, сканерлеп алғандар да бар, алып кеп жатыр бізге мекемеге ше. Сканерлеген, прям сканерлеген ол бізге де тіркелмеген еш жерге.
Жалған дипломдардың түбіртегін іздеп көп уақыт жоғалтамыз деген архиварустың сөздері мұғалімдерді селт еткізбеді. Олар тегін берілетін құжатқа ашқа сұрады деп полиция шақыртты. Енді архиварустың жұмысын құзырлы органдар тексермек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!