{metadescription}
Сәдуақас Байғабылов жемқорлық күдігіне ілікті
Сәдуақас Байғабылов жемқорлық күдігіне ілікті

Сәдуақас Байғабылов жемқорлық күдігіне ілікті

Қызмет өсіру құны қанша? Ұлттық сараптама орталығы басшысының экс-орынбасары Сәдуақас Байғабылов жемқорлық күдігіне ілікті.

Тергеу мәліметінше, экс-шенеунік Ұлттық сараптама орталығы Жетісу облыстық филиалының директоры Асхат Манкеевті қызметте өсіруге уәде еткен. Сол үшін филиал директоры Байғабыловқа сұрағанын беріпті. Әңгіме 2 жарым мың доллар пара жайында. Қазір бұрынғы басшысының қылмысына қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жолданған. Сәдуақас Байғабылов бұған дейін денсаулық сақтау саласында жоғары лауазымды қызметтер атқарған. Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы, Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер сынды қызметтерде отырды. Ал осы жылдың мамырында «Ұлттық сараптама орталығы» төрағасының орынбасары қызметінен босатылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде