{metadescription}
КТК арнасының жаңа сериалы осы күзде көрерменге жол тартады
КТК арнасының жаңа сериалы осы күзде көрерменге жол тартады

КТК арнасының жаңа сериалы осы күзде көрерменге жол тартады

КТК арнасының қоржыны жақында тағы бір сериалмен толықпақ. «Аңсаған сәби» деп аталатын жаңа туынды медицина саласының қызығы мен қиындығын жайында. Аурухана басқа, кейіпкерлерді сомдаған актерлер демесеңіз, әр оқиғасы шынайы, өмірден алынған. Арнамыздың төл туындысы осы күзде көрерменнің назарына ұсынылады.

Бір айдан астам уақытқа жалғасқан түсірілім аяқталуға жақын. 8 бөлімнен тұратын туындының ауқымы үлкен, маңызы зор. Себебі медицина тақырыбында түсірілген дәл осындай сериал кемде кем. Сәби сүйуді армандаған отбасылар, ана мен бала денсаулығы, ота жасаудағы дәрігерлердің жанкештілігі сценарийге арқау болған.

Мейрамгүл Жанатқызы, режиссер:

- Аңсаған сәби сериалының бүгін 25-ші түсірілім күні болып жатыр. Бүгін біз «Private» клиникасында осы біздің бас кейіпкерлеріміздің кабинеттің түсіреміз. Ол узи кабинеті, ол гинеколог кабинеті. Осы клиниканың басшыларына бізге рұқсат бергендеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

«Аңсаған сәби» телехикаясы шынайы оқиғаға негізделген. Әсіресе бас кейіпкер Әнуар Асанбаевтың шым-шытырыққа толы ғұмыры сериалда шебер көрсетіледі. Ол табандылығының арқасында жолдан жаңылмайды. Дәрігерлік жолында кездескен қиындықтармен күресіп, тек ақиқатқа қарай ұмтылады.

Мұқағали Мырзамбетов, актер:

- Бізде екі әпкелі сіңілі туылған. Бір-бірнен айнымайды. Біріншісі мүлде бала көтере алмайды. Екіншісінде бәрі жақсы. Сонымен бірінші әпкесінің орнына екінші сестренкасы келіп, сол кіснің поный фамилия данный мен бала көтереді. Оны біздің клиниканың врачтары елу пайызы біледі, елуі жасырады. Соныңда мен екеуінің әпкелі-сіңілі екенің тәжірбие жүзінде дәлелдеймін. Шын өмірде бұндай оқиғалар болған.

Ерекше сценариймен өрбіген сериал жұртты жалықтырмайтыны анық. Ал, телехикаяның алғашқы бөлімі экранға қыркүйек айында жол тартпақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.