{metadescription}
Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар несиені кешіктіріп төлей алады
Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар несиені кешіктіріп төлей алады

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар несиені кешіктіріп төлей алады

Қуаңшылықтан зардап шеккен шаруалар несиені кешіктіріп төлей алады. Үкіметте өткен жедел кеңесте бүгін жауын-шашын аз болған және аптап ыстықтан зардап шеккен өңірлеріндегі ахуал қаралды.

«Бәйтерек» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» мен «ҚазАгроҚаржы» компаниялары құрғақшылықтан зардап шеккен шаруаларға несие төлеуді кейінге қалдырудың мүмкіндігін қарастырмақшы. Ауыл шаруашылығы вице-министрінің мәліметінше, дәнді дақылдардың 8,3 млн гектарында жағдай жақсы, бұл барлық ауыл шаруашылық дақылдарының тең жартысы, ал 7,2 млн гектар, яғни, 43,7%-ы қанағаттанарлық жағдайда. Жиында Ербол Тасжүреков сондай-ақ, 2022-2025 жылдарға арналған жем-шөп өндіру саласын дамыту жөніндегі жол картасының орындалу деңгейі төмен екенін айтты. Әкімдіктер ауыспалы егістегі жемшөп дақылдарының үлесі мен суармалы, жайылымдық жерлердің өнімділігін арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланбай отыр. Бүгінде Павлодар, Ақмола мен Қарағанды облыстары аптап ыстықтың зардабын тартып отыр.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:

- Жемшөп дайындау деңгейі өте төмен, жылдық жоспар 25 млн тонна болса, бар болғаны 8 млн тонна жиналды. Пішендеме дайындау жоспардың 12%, сабан 4,3%. Қыркүйек айында сабан, сүрлем және концентрлі жемді негізгі жинау жұмыстары басталатыны анық, ал қалғандары үшін бұл өте төмен көрсеткіш. Өңірлерде мал азығын дайындау қарқынын арттырып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жемшөп бағасын тұрақты бақылауды тапсырамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.