{metadescription}
Астанада автобус жүргізушісі көлік тізгінінде көз жұмды
Астанада автобус жүргізушісі көлік тізгінінде көз жұмды

Астанада автобус жүргізушісі көлік тізгінінде көз жұмды

Астанада автобус жүргізушісі тура көлік тізгінінде көз жұмды. Оқыс оқиға шамамен таңғы сағат ондар шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, 62 жастағы азамат кенеттен есінен танып, рөлге ие бола алмай қалады.

Салдарынан, автобус жақын маңдағы қоршау мен бағдаршам бағанасына соғылған. Абырой болғанда жолаушылар арасында зардап шекккендер жоқ. Ал оқиға орнына жедел жәрдем дереу жеткенімен, жүргізуші ауруханаға жетпестен, автобус ішінде тіл тартпай кетті. Дәрігерлер өлімнің негізгі себебі - жүрек талмасы болуы мүмкін деп отыр. Марқұмның жолаушылар автобусын тізгіндегініне 15 жылдан астам уақыт болыпты. Жауапты компанияның айтуынша, жүргізуші екі күндік демалысынан бүгін ғана шығыпты. Таңғы уақытта медициналық тексеруден өткенде денсаулығында еш кінәрат болмаған.

Нұралы Тәңірбергенов Астана қаласы ПД ресми өкілі:

- 2023 жылдың 27 шілдесінде сағат 10.37 шамасында IVECO маркалы маршруттық автобусты басқарған 1961 жылы туған жүргізуші, Әуезов көшесіне қарай Бөгенбай батыр даңғылымен Бейбітшілік көшесі жағынан келе жатып, рульге ие бола алмай үйге қарамақарсы тұрған жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісімен қоршауға соқтығысқан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде