{metadescription}
Алматы облысында жүздеген отбасы әлсіз тоқтың азабын тартқан
Алматы облысында жүздеген отбасы әлсіз тоқтың азабын тартқан

Алматы облысында жүздеген отбасы әлсіз тоқтың азабын тартқан

Қып-қызыл шығынға батты! Алматы облысында жүздеген отбасы әлсіз тоқтың азабын тартып отыр. Кернеудің кемдігінен тұрмыстық техника шетінен күйіп, жарамсыз болып қалған. Мұндағы су да тоқтың қуатына байланысты. Сондықтан, жұрт тіршілік нәрінен де тарыққан.

Тұрсын Шалабаеваның Алматы іргесіндегі осы «Огонек» саяжайына отбасымен көшіп келгеніне 7 жыл болған. Сол уақыттан бері жарық бірде бар, бірде жоқ. Салдарынан тұрмыстық техникалары жылда күйіп, жарамсыз болып қалады. Зейнеткер бала-шағасын ойлап үйіне стабилизатор да сатып алған. Дегенмен, оның күші барлық баспананы қамтуға жетпейді.

Тұрсын Шалабаева:

- Жеті жылдан бері мен свет көрген жоқпын. 295 мың теңге ақшамен свет жүргіздім. Свет слабый, үтік қызбайды. Кір машинап жанып кетті. Холодильнигім дала да тұр, телевизор дала да тұр. Морозильникке салған ет шіріп жатыр. Қалай күн елтеміз біз. Қалай тіршілік істейміз. Акимат адамдары қайда. Бізге неге келіп айтпайды. Кір машина жуумайды. Құдаларымыздың үйіне барып, кірлерімізді жуғызып жатырмыз. Адам ұялады екен.

Электр желісінің тұрақсыз жұмыс істеуі саяжайдағы барлық тұрғынды жылдар бойы әбігерге салып келеді. Жарық сөнсе, тіршілік те тұралайды. Себебі, техникадан басқа мұндағы су мен газ да сол электр қуатына байланысты.

Гүлбақыт Шынәлиева:

- Қазіргі таңда 151 болып тұр. Біздің барлық электр техникаларымыздың барлығы дұрыс көрсету үшін 220 болуы керек еді. Бір үйде 10 адам болса, оның 3 еуі ғана жұмыс істейді. Сол алған еңбекпен алған барлық жабдықтар осы электр қуатының дұрыс берілмеу себебінен күйіп кетіп жатыр.

Тұрғындардың базынасын айтып әкімдікке бардық. Атқамінерлер саяжайда электр тоғы жетіспеушілігі бар екенін жасырмады. Айтуларынша, жарық тарататын трансформатордың тозығы жеткен. Оның тұтас саяжайды қамтуға күші жетпейді. Мәселе тек күзде шешіледі деп сендіріп отыр шенеуніктер.

Біржан Махатов, Елтай ауылдық округінің әкімі:

- Бізге қазіргі таңда тоғыз ауылда Елтай ауыл округте өте күрделі мәселе болып тұр. Өйткені ол ауылдың барлығына жетіспеуде. Бірақ қазіргі таңда бұл мәселені шешу үшін 2020 жылы Алатау жарық компаниясы бізде Көкөзек жарық станциясын салуды бастады. Қазіргі таңда ол қыркүйек айының соңына дейін жүргізіледі, ол іске қосылады. Сол кезде осы мәселе толығымен шешіледі.

Елтай ауылына қарасты бұл саяжайда 300-ден астам адам түтін түтетіп отыр. Әрі халық саны жыл сайын артып келеді. Деседе, адам көбейгенімен, ауыл жағдайы мәз емес. Мұнда жарықтан бөлек, шешімін күткен мәселе көп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде