{metadescription}
Елімізде шомылу маусымы басталғалы 100 адам суға кеткен
Елімізде шомылу маусымы басталғалы 100 адам суға кеткен

Елімізде шомылу маусымы басталғалы 100 адам суға кеткен

Елімізде жыл сайын суға кетіп, қаза тапқандардың саны азаймай тұр. Биыл шомылу маусымы басталғалы республика бойынша жүз адам өзен-көлдерде ажал құшқан. Оның 39-ы бала.

Ыстықта қараша қазір судан сая табады. Бірақ адамдардың көбі жекеменшік демалыс орталықтарына барып, ақша шығарғысы келмейді. Сондықтан жұрт шомылуға рұқсат етілмеген орындарды жағалайды. Ағысы қатты өзендерге түседі. Түнгі уақытта шомылады. Қайғылы жайттардың да көбі осы жерлерде болып жатыр. Өлім-жітімді азайту үшін құтқарушылар халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, бірақ құлақ асатын жандар өте аз дейді. Сондықтан Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері полициямен бірлесіп, қауіпсіздік ережесіне немқұрайлы қарайтын адамдарға жаппай айыппұл салуға көшіпті. Өйткені, тыйым салынған жерде шомылғаны аздай, суға мас күйінде түсетіндер де көп. Мұндай оқиғаның соңы көбіне қайғылы аяқталатыны аян.

Есбол Сұлтанов, Алматы қалалық ТЖД басқармасының қызметкері:

- Біз атааналарды шомылуға барғанда балаларын қараусыз қалдырмауды сұраймыз. Алкогольді ішімдік ішіп және түнгі уақытта суға түсу өте қауіпті. Сақ болыңыздар. Біз айтудан жалықпаймыз. Себебі, жағдай жылдан жылға ушығып барады. Арнайы белгілерге назар аудару қажет. Алдымен ескерту жасаймыз. Сосын айыппұл саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде