{metadescription}
0:000:00
Игорь Дужновтың үйін сот орындаушылары күшпен тартып алды

Игорь Дужновтың үйін сот орындаушылары күшпен тартып алды

Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновтың даулы үйін бүгін сот орындаушылары ақыры күшпен тартып алды. «Үйді бермеймін» деп байбалам салған қылмыскердің әйеліне бұл жайында бір апта бұрын да ескертілген. Яғни дүние-мүліктерін жинап, өз еркімен баспананы босатуды сұраған. Бірақ Анаида Демирчян полиция мен арнайы жасаққа қарсылық көрсетуін тоқтатқан емес. Суицид жасаймын деді, өзін өртемек те болды. Сот орындаушылары бұл жолы қулыққа барып, басқаша әрекет етті.

Сот орындаушылары арнайы жасақты алып қанды оқиға болған үйге бүгін тағы келді. Бұл жолы есікті бұзып, ішке кіре алған. Керісінше Дужновтың жұбайы сыртта жүр. Сот қаулысын орындауға келгендер үйді толықтай тінту кезінде қару табылғанын айтады.

Сол себепті таңнан бері үйдің маңайына жан баласын жақындатқан жоқ. Аумақ толық қоршауға алынып, баспана ішінде сот орындаушылардан бөлек, полицияның жедел-тергеу тобы да тексеру жүргізіпті. Ал бір ай бұрын «өзімді өртеймін» деп байбалам салып, сот орындаушыларын қуып шыққан Дужновтың жұбайы бүгін үйге өзі кіре алмай әлек.

Анаида Демирчян:

- Бұл үй маған тиесілі. Баспананы оңайлықпен босатпаймын. Өзгенің атына заңсыз тіркеген. Осыдан бір ай бұрын ғана 13 қыркүйекке дейін ешкім мені орнымнан қозғамайтындығы айтылған еді. Сол уақытқа дейін құжаттарды реттеп сотта да, қылмыстық істе де үйдің менікі екенін дәлелдеймін деп отырғанмын. Қазір іште сіңілім қалды. Барлық менің жеке дүниені рұқсатымсыз далаға шығарып тастап жатыр екен.

Әдеттегідей соттың қаулысын орындауға келген мамандардың жанында арнайы жасақ жүр. Полиция қызметкерлері мен өрт сөндірушілер, жедел жәрдем де осында. Ал іштегі жағдайды Анаида Демирчянға сіңлісі баяндап отыр.

- Пусть она зайдет.

-Она не может заходит.

- Ну еще же нет 11-ый.

-Нет нет время дали.

-Сейчас рабочие и мебельщики придет. Лучше соберитесь быстрее.

Жеке сот орындаушы Дужнов отбасын бұған дейін 5 рет шығаруға әрекеттенген. Бірақ барлығында да көрсетіп жатқаны тек қарсылық. Бір ай бұрын тіпті үйге ешкімді кіргізбеген Анаида Демирчян үймен қоса өзін де өртеп жіберемін деп сес көрсеткен болатын. Сол себепті іс кейінге қалдырылып келді.

Алмасбек Елтоқов, Сот орындаушысы:

- Сот шешімімен үйден мәжбүрлі түрде шығару жүріп жатыр. Сол себепті бүгінгі таңда ескертілген Анаида Демирчянға ескертіліп, бүгінгі таңда гос органдардың қатысуымен. 37:06 Қазіргі таңда барлық мүлкі актіленіп, ответь хранение складқа жіберіледі. Үйді полный босатқаннан кейін үйдің иелеріне береміз.

Еске салсақ, қайғылы жағдай 2021 жылдың қыркүйек айында болған. Игорь Дужнов сот қаулысын орындауға келген 5 адамға аңшы мылтығымен оқ жаудырды. Салдарынан екі полиция қызметкері, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның досы қаза тапты. Қаскөйге өмірі бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесіліп, қазір қауіпті қылмыскерлерге арналған «Қара бүркіт» түрмесінде отыр. Ал жұбайы қанды оқиғаға себеп болған Ақбұлақ ықшамауданындағы мына үйді 2 жылдан бері босатпай жүрген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде