{metadescription}
Қазақ-қырғыз шекарасында кептеліс
Қазақ-қырғыз шекарасында кептеліс

Қазақ-қырғыз шекарасында кептеліс

Шекарадағы кезектің шеті жоқ! Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі бірнеше шақырымға жетті. Оған себеп - төрт бірдей бақылау-өткізу пунктінде кешеден бері салық төлейтін автоманттандырылған ақпараттық жүйе істен шыққан.

«Шығынға баттық» деп шырылдаған тасымалдаушылар дереу мәселені шешуді талап етуде. Жалпы, айырқалпақ көршімізбен арада "Ақ-тілек ", "Чон-капка", "Чалдыбар", "Ақ-Жол " бақылау-өткізу пункті бар. Қазір барлығында иін тірескен қалың көлік нөпірін байқауға болады. Жүргізушілер ұзын-сонар кезектегі көлікті видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауда. Қырғыз тарапы жүк тасымалдаушыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде