{metadescription}
Ақтауда теңізден құтқарылған 3 қызға қатысты дау әлі де тоқтар емес
Ақтауда теңізден құтқарылған 3 қызға қатысты дау әлі де тоқтар емес

Ақтауда теңізден құтқарылған 3 қызға қатысты дау әлі де тоқтар емес

Ақтауда ашық теңізден құтқарылған 3 қызға қатысты дау әлі де тоқтар емес. Теңізде түнеп шыққан бойжеткендер «бізді құтқарған төтеншеліктер емес, жекеменшік компания» деп шу шығарған болатын. Ал, оларды іздеуге кеткен қаражатты жақындары қалтасынан шығарыпты-мыс. Бүгін Төтенше жағдайлар департаменті қыздардың сол мәлемдемесіне қатысты түсініктеме берді.

Рәтбек Демеуберген, Маңғыстау облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы:

- Сағат 15:00 де жергілікті жедел құтқару жасағының құтқарушылар 2 бірлігі бар жүзу құралдарымен қыздар жоғалған ауданда іздеу жұмыстарын бастап кетті. Сағат 3 жарымдарда шекара қызметінің кемесі тартылды. Сондайақ, Ақтау теңіз порты және астрахань қаласының теңізде құтқару орталығынан іздеуге көмек көрсету мақсатында жедел ақпарат жіберлді.

Департаменттегілер жоғалған қыздардың туыстарынан ешқандай қаражат алмадық деп отыр. Ал, түнде іздемегендерін қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтінімен түсіндірді. Бірақ, бойжеткендерді жеке компанияның кемесі алып кеткенін жоққа шығарған жоқ. Өйткені, бірлесе жұмыс естепті. Еске салайық, 17-19 жастағы үш қыз дүйсенбі күні жоғалған. Каспий жағалауында үрмелі матрацпен шомылып жүрген бойжеткендер толқынмен ашық теңізге ығып кеткен. Сөйтіп, таңғы 6-лар шамасында үш қыз жағалаудан 22 шақырым қашықтықтан табылып, Ақтау портына жеткізілген болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде