{metadescription}
Екі баланың өліміне жемқорлық себеп
Екі баланың өліміне жемқорлық себеп

Екі баланың өліміне жемқорлық себеп

Екі баланың өліміне жемқорлық себеп. Жамбыл облысында кәріз суына батып, бақилық болған бүлдіршіндердің ата-анасы әкімдіктегілерді кінәләп отыр. Қалдық жиналатын арнайы көлшіктің қоршалмай жатқанына қара жамылған отбасылар ғана емес маңайдағы басқа тұрғындар да наразы. Талап-арыздарын талайдан бері айтып та жүр. Негізі көлшікті қоршауға 2013-ші жылы бюджеттен қыруар қаржы бөлінген екен. Бірақ арада бақандай 10 жыл өтсе де, нысан сол күйі әлі жатыр.

Жылай-жылай көз жасы, айта-айта сөзі де таусылған. Кенжесінің суретіне қарап, елжіреуден басқа шарасы жоқ. Амал нешік? Қайтара алмайсың. Қайғыдан қан жұтқан отбасы енді дәл осындай жағдай өзге жанұяда қайталнбаса екен деген тілекпен ғана отыр.

Данагүл Төлепова, А.Сағымбайдың әжесі:

- Ойнапкүліп жүрген балам бір күнде жоқ болды. Кетті. Әлі сағынамын. Әлі жүргендей болып, қиялыма түсе береді. Көрсем жүрегім езіледі.

Айта кетейік, қайғылы оқиға 9-ші шілдеде Шу қаласында болған. Кәріз суы жиналатын жерде 10 жастағы 3 бала ойнап жүріп, біреуінің аяғы тайып, суға құлайды. Екіншісі құтқарамын деп артынан ол да батып кеткен. Марқұмның ата-анасы қауіпті жерді қоршамаған әкімдіктегілерді кінәләп отыр.

Тұрақбай Қосмұханов, А.Сағымбайдың әкесі:

- Бір ғасырдан бері тұр. Барлық жері ашық. Айтарым, барлық жерді қоршап қайталанбасын сондай. Қоршау жасамаса болмайды. Тағы қанша бала кетеді әлі. Осы уақытқа дейін қоршамаған елді басқарып отырған әкімдер, ойлаймын солардың себебінен деп.

Бұлай тек Айбектің жақындары ғана емес, дүйім Шу қаласының халқы да ойлайды. Бұл кәріз суының қоймасы 86-шы жылы салынған. Сол уақыттан бері қолқаны қабар нәжістің иісінен жұрттың әбден мазасы қашыпты. Өйткені, бұл нысан дәл қаланың ішінде орналасқан. Айналасында толған тұрғын үйлер. Ал осыдан 10 жыл бұрын аталмыш мәселені шешу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, нысанды көшірудің орнына керісінше ұлғайып жатықанын айтып шырылдап отыр.

Аида Бауденова, Шу қаласының тұрғыны:

- Әкімнің өзі айтты, нысанды реттеуге 10 жыл бұрын мемлекет 1 миллирд 200 миллоион теңге бөлген. Бірақ, мұнда кішігірім ор қазып, сонымен жұмысы тоқтаған. Ақшаны жымқырған. Қылмыстық іс басталған. Сөйтіп, ол іс ұзақ жылдар бойы жүріп, қатысы бар адам қайтыс болыпты. Енді не кінәлі адам, не қыруар қаражат та жоқ.

Кезінде қыруар қаражаттың бөлінгенін әкімдіктегілер де растады. Бірақ, осыған дейін кәріз суы жиналатын жердің жекенің қолында болғанын айтып отыр. Тек биыл 1-ші шілдеден бастап жергілікті билікке өткен.

Елдос Нұрәлиев, Шу қаласының әкімі:

- Бұрын мемлекет тарапынан 2010-жылы 839 миллион теңге қаралып, жоболық сметаларды жасап, мердігер анықталған. 2012 жылы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталуы керек болатын. Алайда, мердігер тарапынан жұмыстар өз деңгейінде жасалмай қылмыстық іс қозғалып, мердігер жауапқа тартылған. Соған байланысты жұмыстар аяқсыз қалған.

Нысанды қайта жаңғыртып, қаладан тыс жерге енді өзіміз көшіреміз дейді әкім. Бірақ, оған тағы 3-4 миллиард теңге керек деп отыр. Қазірдің өзінде құжаттарды әзірлеуге 45 миллион теңге бөлінген. Алайда, істеймін деген жұмыстарының бәрі биыл бітпейтіні белгілі. Сондықтан, 2-3 айдың ішінде кәріз суы жиналатын жердегі қауіпті аймақтарын қоршамақ. Сондай-ақ, кенжесінен айырылған отбасыға жер қарастыратын айтты. Енді жабулы қазанның жабулы күйінде қалмай, шенділердің сөзден іске қашан көшетінін уақыт көрсетсін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қазан

24 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде