Екібастұздағы ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары 47 пайызға атқарылған
Екібастұздағы жылу электр орталығында жөндеу жұмыстары 47 пайызға ғана атқарылған. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Нысандағы қазандық агрегаттары мен жылу желілерін бастан-аяқ күрделі жөндеу қыркүйек айының соңына дейін аяқталуы тиіс.
Автор: Айғаным Достанбай
28.07.2023
Екібастұздағы Жылу электр станциясының су жылыту қазандығына 8 млрд теңге бөлінген болатын. Ал қаладағы жылу желілерін қайта жаңартуға 9 млрд қарастырылған. Министрліктің мәліметінше, жылу электр орталықтарын жөндеу кестесіне сәйкес жыл соңына дейін 49 қазандық пен 54 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланыпты. Шілде айындағы ақпарат бойынша, жылыту маусымына дайындық деңгейі төмендегідей. Екібастұз жылу электр орталығында жөндеу жұмыстарының аяқталу көрсетіші 47 пайыз, Риддерде 27 пайыз, Арқалықта - 90 пайыз. Семейдегі жылыту нысандарында 73 - пайыз, ал Рудныйдағы жылу электр орталығының жөндеу жұмыстары 56 пайызы аяқталған. Еске салайық, өткен жылыту маусымында еліміздегі жылу орталықтарының дені бірінен соң бірі істен шыққан болатын. Осы жағдайдан соң президент жылыту маусымына дейін Жылу электр станцияларын жөндеуден өткізуге пәрмен беріп, жауапты министрлердің жазғы демалысқа шығуына тыйым салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!