{metadescription}
Павлодар облысында елді бопсалаумен айналысқан үш күдікті ұсталды
Павлодар облысында елді бопсалаумен айналысқан үш күдікті ұсталды

Павлодар облысында елді бопсалаумен айналысқан үш күдікті ұсталды

Павлодар облысында елді бопсалаумен айналысқан үш күдікті қамауға алынды. Оларды жәбірленушінің өзі полицияға ұстап берді. Бұзақылар тұрғынға бірнеше ай бойы күш көрсетіп, ақшасын тартып алған.

Тергеу барысында күдікті үш жігіттің Ақсу қаласының тумасы екені анықталды. Олардың біреуі бұған дейін де дәл осы қылмысы үшін істі болған екен. Алайда, бұрынғы ісінен сабақ алмаса керек, қасына тағы екі жігітті ертіп, жергілікті тұрғынға зорлық-зомбылық көрсеткен. Оған қоса, 100 мың теңгесін күшпен тартып алыпты. Қазіргі уақытта бопсалаушылар қамауға алынып, тергеу басталды. Егер кінәлары дәлелденсе жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қайыргүл Оңалбаева, Павлодар облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

- Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызыметкерлері жедел іздестіру ісшараларын жүргізу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комиттеті қызыметкерлерімен бірлесіп, Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен бопсалаушы күдіктілер ұсталды. Жергілікті тұрғынан бірнеше ай бойы қоқан-лоққы зорлық-зомбылық көрсетілгені бойынша полицияға шағымданды. Тінту кезіңде күдіктілерден қолдан жасалған пышақтар, ұялы телефондар, сондай-ақ басқа заттар тәркіленген. Осы факт бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі 194 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.