{metadescription}
Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмды
Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмды

Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмды

Түркияда жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмды. Оқыс жағдайдан кейін дереу ауруханаға жеткізілген отандасымыз ауыр жарақаттан соң беті бері қарамаған.

Ерлан Жетібаев, ҚР СІМ Коммуникация департаменті директорының орынбасары:

- 12 Қазақстан азаматының екеуі ауыр күйде емханаға жеткізіліп, оларға тиісті ота жасалды. Өкінішке қарай, алған ауыр жарақаттан бір отандасымыз бүгін көз жұмды. Консул қайтыс болған отандасымыздың туысқандарымен тұрақты байланыста. Қажетті көмек көрсетілуде. Ал 10 отандасымыздың, оның ішінде төрт баланың жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқыс оқиға кеше таңертең болған. Қазақстандық туристер мінген шағын автобус Алания қаласында жол апатына ұшыраған. Шағын автобустың ішінде сол елге қыдырып барған 12 отандасымыз отырған. Олар туристік қаланың көрнекті жерлерін аралау үшін жолға шыққан екен. Түркия полициясының хабарлауынша, қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан машина жүк көлігіне барып соғылыпты. Автобустың ішіндегі екі адам алған жарақатынан сол мезетте тіл тартпай кеткен. Оның бірі – гид қызметін атқарған Украина азаматы мен көлік тізгініндегі ер адам. Ал ауруханаға жеткізілген 12 отандасымыздың төртеуі – бала. «Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық. Марқұм болған Жаңаөзен қаласы тұрғынының ұлы қазір Анталияда, дипломаттар тарапынан қажет көмек көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде