{metadescription}
Министрліктің экс-орынбасары Тимур Тоқтабаевты тергеу аяқталды
Министрліктің экс-орынбасары Тимур Тоқтабаевты тергеу аяқталды

Министрліктің экс-орынбасары Тимур Тоқтабаевты тергеу аяқталды

Антикор индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұрынғы орынбасары Тимур Тоқтабаевқа қатысты тергеуді аяқтады. Экс-шенеуніктің мемлекетке келтірген залалы – орасан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Тоқтабаевтың қолына кісенді былтыр қараша айында салған. Ол қызметін асыра пайдаланып, кен орындардын заңсыз үлестіргені үшін айыпталып отыр.

 Индустрия министрінің экс-орынбасары мен ведомствадағы өзге де лауазымды тұлғалар кәсіпкерлермен ауыз жаласып, Қостанай облысындағы "Шевченковское" кен орынын заңсыз, арзан бағада таратып берген. Тіпті аукцион да өткізбепті. Былтыр антикор Тоқтабаевты қамауға алған бетте, оның өзіне және туыстарына тиесілі небір есепсіз байлықты жариялаған-ды. Бірнеше жер телімі, элита жеке үйлер мен Майбах сынды қымбат маркалы автокөліктер тәркіленген. Араға он ай салып, антикор істі сотқа жіберді. Ал «барлау мақсатында» деп көрсетіліп, заңсыз үлестірілген кен орны мемлекетке қайтарылды. Никель мен кобальттың 100 млн тоннадай қоры бар кен орнының құны 5 трлн. 700 млрд. теңге шамасында дейді антикор. Тимур Тоқтабаев индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін 2019 жылдың ақпан-желтоқсан айлары аралығында атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде