{metadescription}
Астананың оң жағалауындағы жер үйлер кәріз жүйесіне әлі қосылмаған
Астананың оң жағалауындағы жер үйлер кәріз жүйесіне әлі қосылмаған

Астананың оң жағалауындағы жер үйлер кәріз жүйесіне әлі қосылмаған

Елорданың оң жағалауында жер үй тұрғындары нәжіс иісіне тұншығып күн кешуде. Себебі ешқайсы орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Жұрт әжетханадан шыққан лас су мен қалдықты қайда жіберерін білмейді. Әр шаңырақтың жеке септигі болғанымен, оны тазалау қып-қызыл шығын. Тұрғындар талабына әкімдік құлақ аспай жүргеніне 20 жылдан асқан.

Қаратал көшесіндегі жер үйлердің ешқайсысы орталық кәріз жүйесіне қосылмаған. Әркім қалдықтарын сорғызуға ассенизатор жалдап, айына 65 мың теңге жұмсауға мәжбүр. Ал әжетханаға арналған құдықтар үш күн сайын толып қалады. Құдыққа үңілген 100-ден аса тұрғын дәретханаға күнде неше рет кіріп-шыққанын санап отырады. Әлбетте еріккендіктен емес, мәжбүрліктен. Өйткені әжетханадағы суды босқа ағызуға болмайды, есік алдындағы септик тез толып қалады. Содан лас су мен нәжістің иісі айналаға жайылады. Бір қызығы, бұл үйлердің орталық кәріз жүйесіне еш қатысы болмаса да, тұрғындар ай сайын ақы төлейді.

Нұрлан Салжанов:

- Кәріз жүйесі атымен жоқ. Біздің қалтамызға ауыр. Қазір септик 10 мың боп кетті. Оған қоса жер суының деңгейі көтеріліп тұр. Септик сорғаны үшін біз кәрізге ақша төлеп жатырмыз. Септиктен алғанды біз анау орталыққа апартып отырмыз деп. Бұл адамды тонау ғой.

Кәріз жүйесімен пара-пар тағы бір мәселе бар. Бұл көшеге әлі күнге дейін су құбыры тартылмаған. Тұрғындар суды алыстан тасып ішеді.

Асқар Уәлиев:

- Өз машинаммен тасимын да, артына баклашкаларын салып әклеемін. Ол екіүш күнге ғана жетеді. Сосын қайтадан солай. Келесі көшеде суды астынан жүргізеді, 15 жыл бұрын солармен сөйлескенмін. Ол кісілер сіздің көшеге келесі жылы жүргіземіз дейді. Келесі жыл қайда, міне, 15 жыл болды! Сусыз отырмыз.

2018 жылы бұл көшеге кәріз құбыры жүргізіле бастаған. Алайда құрылыс аяғына дейін бітпепті. Мердігер ұйым шығынға батып, көптің үмітін ақтамады.

Жасұлан Айжарықов, Алматы ауданы әкімі аппаратының бас инспекторы:

- Бұрында жолдар басқармасының «РостСтройГрупп» деген мердігерлік ұйымы кәріз жүйесін салған болатын. Айнакөл көшесінен бастап, Қаратал, Бесшалқар көшесіне жеткізбей. Бірақ қазіргіде бұл мердігерлік ұйым банкрот болып, аяғы тағайындалды. Сол себептен проблема болып, жұмыс тоқтап қалды. Құдықтар дегенде, сол жолдар басқармасы қазып, сол жүйенің жалпы қандай жағдайда екенін тексеру үшін қазған болатын.

Бұқараның жылдар бойғы базынасы қала басшылығының құлағына жеткен сыңайлы. Әкімдікке қарасты жауапты басқарма алдағы жылдары кәріз бен су мәселесі толық шешіледі деп уәде берді.

Ерболат Нұрсейіт, Астана қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы:

- Біздің жобалау ұйымдары ол жерде кәріз желісі жобасын аяқтап қалды. 202-425 жылдары осы жобаны толық аяқтауды жоспарлап отырмыз. Үш желі бар. Сумен жабдықтау желілері бар, суды бұру желілері бар, нөсерлі кәріз желілері бар. Барлығы бір жобаның аясында жүзеге асырылады.

Әжетханадан әбден қысылып судан тарыққан тұрғындар бұл жобаның іске асқанын күтуден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде