{metadescription}
Кентауда полигон өртеніп, тұрғындар түтінге тұншығып отыр
Кентауда полигон өртеніп, тұрғындар түтінге тұншығып отыр

Кентауда полигон өртеніп, тұрғындар түтінге тұншығып отыр

Кентау қаласында қоқыс полигоны өртеніп, шағын шаһар тұрғындары қара түтінге тұншығып отыр. Үш күн бұрын тұтанған өртті сөндіруге техниканың да әлі жетпей жатыр.

62 гектарды алып жатқан қоқыс полигонынан қара түтін будақтап жатыр. Жалынды ауыздықтау әзірге мүмкін болмай тұр дейді мамандар. Бұл қоқыс төгетін орын осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Заңсыз полигонды жабуға жергілікті әкімдіктің де, экологтардың да тісі батпай отыр. Тіпті ірі көлемде айыппұл салып, заңсыз жиналған қалдықты арнайы орынға көшіру туралы қаулы шығарғанымен, полигон иесі оны пысқырмады дейді мамандар. Өртеніп жатқан қалдықтарды сөндіру әрі көму жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал экологтар жанып жатқан полигон ауаны ластап, тұрғындарға зиян келтіріп жатқанын айтып дабыл қағып отыр.

Әбибулла Қоңырбаев, Түркістан облысы экология департаментінің бөлім басшысы:

- Көміртек тотығы адам ағзасына түскенде у қызметін атқарады, қанмен әрекеттесіп, тіндерді оттегімен жетізілуін тежейді. Нәтижесінде естен тану, рефлекстің баяулануы, уйқының және ойлау қабілетінің нашарлайды. Жоғары мөлшердегі көміртек тотығы өлімге де алып келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде