{metadescription}
Самалдықтар аптапта ауыз су азабын тартып отыр – Алматы облысы
Самалдықтар аптапта ауыз су азабын тартып отыр – Алматы облысы

Самалдықтар аптапта ауыз су азабын тартып отыр – Алматы облысы

Алматы облысында бір ауыл аптап ыстықта ауыз судың азабын тартып отыр. Талғар ауданына қарасты Самал саяжайының тұрғындары тіршілік нәрін су таситын көліктерден сатып алып, амалдап жүр.

Өйткені өздері қазған ұңғыма істен шыққан. Оны қайта жаңартуға миллион қаржы қажет. Саяжай болғандықтан орталықтандырылған сумен қамтамассыз етуге жүйесі де тартылмаған. "Шіліңгір шілдеде ішерге су жоқ" деген бұқара базынсын кімге жеткізерін білмейді.

«Самал-1» мен» Самал- 2» деп аталатын саяжай жұртына ауыз су алтыннан да қымбат. Судан тарыққан тұрғындар су таситын көліктен сатып алып ішіп отыр. Оның өзі бір күн келсе, екі күн жоқ. Ал үйінде жасамысынан бөлек жастағылар жан-жақтан су тасып әлек. Ол жақтан да суды сатып әкелуде.

Сәбит Ислам:

- Көлігіміз жоқ. Көлікті жалға алып, суды сатып алып жатырмыз. Екі күнде бір рет аламыз. Автоматтардан литріне 15 теңге. Күніне 100 литр бір жарым мың теңге кетіп жатыр.

Жұрттың ауыз сусыз отырғанына жарты жылдан асқан. Бұған дейін бау-бақшасын суғаруға тікелей тау суын өзен арқылы тартса, ал ішуге өздері ұңғыма қаздырған екен. 30 жылдан астам тұрғындарды сумен қамтыған құдық бүгінде істен шыққан. Құдық ескіріп, су деңгейі азайған.

- Міне, су жоқ. Ішетін суық су да, ыстық су да жоқ. Бәрі жоқ. Шелекпен тасып әкеп, жуынамыз. 18 ғасырға, артқа басып бара жатырмыз ба, қалай? 21 ғасырда бәрі бар болу керек қой. Заманауи технология дамыған кезде....

Ұңғыманы жаңалауға миллиондаған қаражат қажет. «Оны қалтамыз көтермейді» деген халық әкімдік қандай да бір көмек бергенін қалайды. Ал су таситын көліктер ауыз судың бір текше метрін бес мыңнан сатып жүр.

Гүлмәрия Сибашева:

- Айдалада қалған сияқтымыз. Тұздыбастау өзіне қоспайды. Не мына жақта ешкім қоспайды. «Самал2» деген, айтеуір бір жүрген адамбыз. Үш айдан бері су жоқ. Ішетін су да, суғаратын су да жоқ. Бүкіл бау-бақша күйіп кетті. Жылына бес-алты шелек таңқурай жинап алатынмын. Биыл түк жоқ. Сап-сары болып күнге күйіп кетті.

Атқамінерлердің айтуынша, жеке кооперативте бар мәселені төраға шешуі тиіс. Соған қарамастан екі саяжайға да су тарту биыл жоспарда бар екен. Оған ең алдымен мердігермен арадағы дауды шешіп алу қажет.

Рауан Биқожанов, Тұздыбастау ауыл округі әкімдігің бас маманы:

- Жоғарғы жақта жаңадан қосылатын бақша салынған. Соған қосылу жоспарда, жобада бар. Бірақ мердігер Балғынбек құбырларды суретке сәйкес дұрыс салмаған. Бүркігенде құбырлар жарылып жатыр. Егер Балғынбек жасамаса, қайта қалпына келтірмесе, сотқа беріледі. Бізге, Талғардан Тұздыбастау округі бойынша сметаға 81 миллион бөлінген. Қазір істелініп жатыр. Бұл кісілерді де соған қосамыз.

Шенеуніктің сөзінен ұққанымыз, тұрғындар әлі де бір-екі жыл күтуі керек. Өйткені су жүргізу мәселесі енді ғана жоспарға енгізілген, ауыл ішіне әлі инженерлік жүйе тартылуы тиіс. Ол үшін біршама уақыт қажет дейді әкімдіктегілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде