{metadescription}
Жазғы универсиадада таэквондошы Рита Бәкішева чемпион атанды
Жазғы универсиадада таэквондошы Рита Бәкішева чемпион атанды

Жазғы универсиадада таэквондошы Рита Бәкішева чемпион атанды

Қоржында – бір алтын! Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік жазғы универсиада ойындарында таэквондошы Рита Бәкішева чемпион атанды. 48 келіде өнер көрсеткен отандасымыз қарсыласына шақ келтірмей, алғашқы алтынын қоржынға салды.

Қайрат Закирьянов, Қазақстан ұлттық студенттер одағының президенті:

- Қытайдың Чэнду қаласында Дүниежүзілік жазғы универсиада өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінен жақсы өнер көрсетуде. Гимнастика, ушу, дзюдодан да спортшыларымыз аянбай, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.

Бүгін жарыс жолына шыққан жас гимнасшы Эльжана Таниева да көпшіліктің қошаметіне бөленді. Спорт және туризм академиясының студенті жекелей сында өнер көрсетіп, жалғыз өзі үш бірдей медальді қанжығасына байлады.

Дүбірлі додада ел намысын 90 спортшы қорғап жатыр. Олар бас-аяғы 10 спорт түрінен сынға түсуде. Байрақты бәсеке 28 шілдеде жалауын желбіреткен болатын. Сол уақыттан бері студент спортшыларымыз бір алтын, бес күміс, бес қола еншілеп, Қазақстан қоржынына жалпы саны он бір медаль түсірді. Жүлденің көбін нысана көздеу шеберлері мен дзюдошыларымыз иеленді.

XXXI Дүниежүзілік жазғы универсиада 8 тамызға дейін жалғасады.

Асқар Нарқұлов, Универсиаданың қола жүлдегері:

- Қазақ еліне қола жүлде сыйладым. Қазақ еліне алтын алып беремін деп шыққан болатынмын. Өкінішке қарай, бірекі қателік жіберіп алдым, моңғол балуанымен күрескен кезде. Қола медаль бұйырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде