{metadescription}
Қанттың қымбаттауы біздің нарыққа тікелей байланысты емес
Қанттың қымбаттауы біздің нарыққа тікелей байланысты емес

Қанттың қымбаттауы біздің нарыққа тікелей байланысты емес

Күзде қант қымбаттамауы мүмкін және бұл біздің емес, көрші Ресейдегі нарыққа байланысты деді бүгін сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

Серік Жұманғарин, ҚР Сауда және интеграция министрі:

- Егер қант қымбаттап жатса, қазақстандық нарыққа тікелей байланысты болмайды. Бағаға Үкіметтің отандық қант зауыттарын қолдау мақсатында қабылдайтын шешімі ықпал етуі немесе қазір Ресей нарығында болып жатқан процестер әсер етуі ықтимал.

Былтыр қант тапшылығы бағаның шарықтауына әкелген болатын. Бұған Ресейдің қант экспортына тыйым салуы әсер еткен еді. Өйткені біздің нарық сол елден келетін импортқа тәуелді. Ал отандық өнім нарықты толық қамти алмай отыр.

Сауда министрлігінің мәліметінше, былтыр қазақстандық зауыттар тек 283 мың тонна қант өндіріпті. Биыл жағдайдың қалай болатыны енді күздегі жиым-терімге байланысты. Үкімет тарапынан да қандай көмек болатыны әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде